Fake News

Манипуляция: «Ірі қалаларда бет-әлпетті тану машиналары орнатылуда»

Telegram-да қазақстандықтар ірі қалаларда жақын арада бет-әлпетті тану жүйесімен жарақтандырылатын және адамның жасы сияқты дербес деректерді талдай алатын пирамида түріндегі арнайы құрылғылар пайда болады деп жазуда. Бұл дәлелденбеген.

 

Хабарламаға Канадада Монреаль көшелерінде орнатылған осындай ерекше құрылғы көрсетілгеен видеео тіркелген. Бұл нұсқаулық панельдермен және үлкен камералармен жабдықталған үлкен пирамида.

Суреттерді кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен біз бұл құрылғының «мейірімділік машинасы» деп аталатынын анықтадық. Бұл Канада Ұлттық кинематография кеңесінің қолдауымен құрылған арт-нысан. Сонымен қатар бұл «машина» туралы алғашқы жаңалықтар Желіде 2019 жылы шыққан. 

Құрылғылар жасанды интеллектінің көмегімен адамның зорлық-зомбылыққа бейімділігін және белгілі бір адамның қылмыс жасау ықтималдығын болжауға болады деген теорияға қарсы жасалған.

«Мейірімділік машиналары» керісінше, адамның альтруизмге бейімділігін «болжайды» және оның келесі бір жақсы әрекетін болжауға тырысады.

Бұл ретте «есептеу» процесінің өзі нақты ғылым емес, ойын болып табылады. 2019 жылы шыққан промо-роликте «машинамен» қарым-қатынас жасаған адамдар әртүрлі күндері әртүрлі нәтижелерге қол жеткізе алады делінген. Мұның бәрі көңіл көтеретін ойын ретінде қабылданады.

Демек, мұндай құрылғыларды орнатудың ешқандай құпия сыры жоқ. Олар биометриялық деректер жинамайды және адамдарды жалпы бақылауға үйретуге арналмаған. Бұл адамдарды игі істер жасауға шақыратын арт-нысан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button