Fake NewsАлаяқтық

Фейк: «Facebook Қазақстан үшін пассивті табыс табу бағдарламасын іске қосты»

Facebook әлеуметтік желісінде Meta негізін қалаушы Марк Цукербергтің видеосы тарады. Оның айтуынша, компания әрбір қазақстандыққа пассивті табыс табуға мүмкіндік беретін арнайы Libra платформасын іске қосты. Жаңалық «Хабар 24» деп аталатын аккаунтта жарияланды. Мұның бәрі алдау және алаяқтық.


Ролик шыққан Facebook парақшасының қазақстандық «Хабар 24» телеарнасына ешқандай қатысы жоқ. Бұл 2023 жылдың 2 қазанында ашылған және ештеңе жарияламаған фейк аккаунт. Сонымен қатар парақшада «Хабар 24» телеарна емес, спорттық команда деп көрсетілген.
Телеарнаның Facebook-тегі парақшасы 24kz деп аталады және онда қазақстандықтарға арналған пассивті табыс табуға болатын Meta жобалары туралы жазылмаған.
Цукербергтің тараған видеосының скриншотын тексергенде үзіндінің кәсіпкердің 2022 жылғы 24 наурыздағы сұхбатынан алынғаны анықталды. Ағылшын тіліндегі түпнұсқа видеода ол компанияның даму және өсу стратегиясы туралы айтады, Қазақстан мен Libra жобасы туралы сөз қозғамайды. 
Айта кетейік, Meta-да осылай аталатын жоба болған. Кез келген адамға пассивті табыс табуға мүмкіндік беретін платформа емес, Компания шығаратын криптовалюта осылай аталуға тиіс еді, бірақ. 2022 жылдың ақпанында Libra Meta компаниясына айтарлықтай табыс әкелмейтіні белгілі болып, жоба басқаға сатылды. 

Бұған дейін Марк Цукербегтің жоқ платформаны жарнамалаған орыс тілінде дыбысталған видеосы Грузияда тараған болатын. Оны фактчекерлер жоққа шығарды. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button