Фейк: «Пандемия негізсіз жарияланды, COVID-19 өлім-жітім көрсеткіші төмен»
Желіде ДДСҰ-да коронавирус пандемиясын жариялауға негіз болмағаны туралы видео таратылуда. Автордың айтуынша, COVID-19-ды «өлімге әкелетін және аса қауіпті» ауру деп атауға болмайды, өйткені ол «онша жұқпалы емес». Бұл жалған. Неге? Мақаламыздан оқыңыздар.
«ДДСҰ әлемде індет жұқтырғандар саны 118 мың адамды құрағанда пандемия жариялады, бұл бүкіл әлем халқының 0,001%. Ал медициналық нормаларға сәйкес, індет жұқтырғандар саны кем дегенде 5% болуы керек», – дейді видео авторы.
Пандемия дегеніміз не? ДДСҰ-да оны жариялауға негіз болды.
Пандемия – бұл әлемнің көптеген елдерін қамтитын және / немесе халықаралық деңгейде таралып, көп адам жұқтырған індет. Яғни пандемия ең алдымен аурудың таралуының көрсетеді.
2020 жылғы 11 наурызда ДДСҰ пандемия жариялаған кезде, әлемнің көптеген елдерінде індетті жұқтырудың расталған жағдайлары тіркелген болатын. Жалпы, 118 мың науқас анықталып, 4000-нан астамы көз жұмған. Вирустың өлім-жітім көрсеткішін пандемия аяқталғаннан кейін бағалаған жөн.
Сонымен қатар, тиімді ем-домның болмауы және инфекция жұқтырудың жоғары деңгейіне байланысты вирус тез таралып, медициналық жүйеге жүктеме түссе, бұл да пандемия жариялауға негіз болады. Мұндай жағдайда тек COVID-19 жұқтырғандар ғана емес, басқа аурулармен де ауырған адамдар да медициналық көмексіз қалады.
«Планета көлемінде коронавирустан қайтыс болғандар да аз, бұл 0,02%. Ал, аурудан айыққандар саны қайтыс болғандар санынан 32 есе артық, яғни статистика бұл ауруды өлімге әкелетін және аса қауіпті деп атауға болмайтынын көрсетіп отыр», – дейді ер адам видеода.
Шын мәнінде, әлемде коронавирустан артық өлім-жітім бар. Ол ресми түрде АҚШ-та және Еуропаның 14 елінде тіркелді. The New York Times журналистерінің зерттеуіне сәйкес, 2020 жылдың наурыз-желтоқсан айларында Испанияда өлім-жітім көрсеткіші 23%-ға, Италияда 19%-ға, Ұлыбритания мен АҚШ-та 17%-ға өсті.