Fake News

Фейк: «Сериал COVID-19 пандемиясын болжады»

Әлеуметтік желілерді қолданушылар 2002 жылдан 2007 жылға дейін көрсетілген сериалдан белгі байқаған. Сериялардың бірінде басты кейіпкер өлімге әкелетін вирусты анықтайды, ол COVID-19-ға ұқсас ауру тудырады және оны жұқтырған адамдар карантинге қамалады. Сериал мен шынайы пандемияның арасында неге байланыс жоқ екенін түсіндірейік.

 

Әгіме «Өлі аймақ» сериалы туралы болып отыр. Бұл фантастика элементтері бар драма. Басты кейіпкер – алты ай комада жатқаннан кейін болашақты көре алатын ер адам.
Сериалдың екінші маусымының «Оба» деп аталатын 14 сериясында пандемия «болжанған» Бұл эпизодтың сценарийін Джилл Эллен Блотевогель жазған. Ол The Observers порталына түсіндіргендей, сценарий 2003 жылы сериалдың екінші маусымының түсірілімі басталар алдында жасалған. Сол кезде фильмнің сюжетінде айтылған SARS коронавирусы табылған. Сериалда мәселе хлорохин дәрі-дәрмегімен шешіледі. Іс жүзінде бұл безгекке қарсы дәрі.
– Менің сюжеттік желідегі мақсатым – әдеттегі медициналық зерттеулер арқылы іздеуге бірнеше апта, айлар немесе жылдар кететін дәрі ойлап табу. Мен өз зерттеуімде безгек пен коронавирусқа шалдыққан адамды безгекке қарсы препаратпен емдеген, ол SARS вирусын да өлтіретін нақты жағдайды таптым. Бұл бір ғана оқшауланған жағдай болды, бұл менің ойдан шығарылған сюжеттік желісіме қызықты шешім болды», – деді Джилл Эллен Блотевогель.
Демек, ол идеяны медициналық әдебиетте оқыған оқшауланған бір ғана жағдайға сүйене отырып, жазған.
Джилл Эллен Блотевогель де сериалда пандемия болжанды деген қауесетті жоққа шығарды.

Яғни, болжам туралы таралған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button