Fake News

Фейк: «Вакцинациядан балалар өлімі рекордтық көрсеткіштерге жетті»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде балалар өлімі COVID-19-ға қарсы егу науқанының басталуымен рекордтық деңгейге жетті деген ақпарат таратылуда. Бұл туралы соңғы жеті айда сатқан табыттың саны бес жылдағы көрсеткішке тең деп айтқан АҚШ табытшы мәлімдеген екен. Бұл фейк.

Балаларға арналған табыттарға жаппай тапсырыс беру туралы сөз алғаш рет жалған ақпараттың рупоры болып табылатын және үнемі COVID-19 пандемиясындағы вакцинация туралы фейктер тарататын әйгілі Стю Питерс шоуының эфирінде айтылды.
Балалар өлімінің артуы туралы оқиға Желіде вирустық сипатқа ие болғаннан кейін, оны Lead Stories порталының фактчекерлері жоққа шығарды. Олардың мақаласында АҚШ-та COVID-19 қарсы вакцинацияға байланысты балалар өлімінің бірде-бір жағдайы тіркелмегені айтылған. Бірақ, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының есебіне сәйкес, осы жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша елде 1 694 бала COVID-19-дан қайтыс болған. Бұл өлімнің көп бөлігі балалар мен жасөспірімдерге арналған КВИ қарсы вакциналар мақұлданғанға дейін болғанын атап өткен жөн.
Америкалық табыттар мен жерлеу жабдықтары қауымдастығының порталында елде балаларға арналған табыттарға деген сұраныс күрт өсті деген теорияны растайтын деректер жоқ.  Қауымдастық өкілдері де Lead Stories порталына жақында балалар өлімінің күрт өскені туралы мәлімдемелерді растайтын статистика жоқ екенін айтқан.
Балаларға арналған табыттарға сұраныстың артқаны туралы теориямен бірге барлық COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы бірдей және өмірге қауіпті деген тұжырым айтылған. Бұл олай емес. Әр түрлі компаниялар шығарған КВИ қарсы вакциналар бір-бірінен ерекшеленеді. Бұған ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланған препараттардың құрамымен танысып, оңай көз жеткізуге болады.  Сондай-ақ, жарияланған мәліметтерден вакциналардың құрамында қауіпті компоненттер жоқ екенін білеміз.
COVID-19 қарсы вакциналардың қауіпсіздігі зертханалық және клиникалық зерттеулермен расталған.
Демек, таралған хабарлама – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button