Жартылай шындық: «WhatsApp-тағы ашықхаттарда зиянды кодтар бар»
What ‘ sApp мессенджерінде қайырлы таң тілейтін ашықхаттар мен суреттер жіберудің қаупі туралы ескертетін бірден екі хабарлама таратылуда. Пайдаланушылардың айтуынша, оларда смартфонға қатты зиян келтіруі мүмкін зиянды кодтар бар. Мұндай ақпаратқа сену қажет пе, тексерейік.
Алғашқы хабарламада «ертеңнен бастап» WhatsApp-та таратылатын ашықхаттарда вирус болады деп жазылған. Бұл ретте нақты күні көрсетілмегеніне назар аудару керек, бұл фейк ақпараттың белгілерінің бірі. «Ертең» деген сөзбен оны кез келген уақытта таратуға болады және ол өзектілігін жоғалтпайды, нәтижесінде фейк әмбебап болады.
БАҚ-та және киберқауіпсіздікке арналған ресми ресурстарда WhatsApp-тағы суреттерде зиянды кодтар болуы мүмкін және оларды таратуға болмайды деген хабарламалар жоқ.
Дегенмен, GIF-файлмен зиянды код алу қаупі бар. 2020 жылы БАҚ WhatsApp-та осы форматтағы файлдарды пайдалану кезінде осалдық анықталғанын хабарлады. Алайда, қосымшаның жаңа нұсқаларында бұл мәселенің шешілгені де айтылды. Енді GIF суреттері пайдаланушыларға ешқандай қауіп төндірмейді.
Мессенджерлерде таралған екінші хабарламада «фишинг кодтары» бар қайырлы таң, күннің жақсы өтуін және т.б. тілейтін суреттер туралы айтылған. Бұған дейін дәл осы хабарлама Ресей мен Тәжікстанда пайдаланушылар арасында таралған, ал Қазақстанға ол биыл қаңтар айында келді. Біз бұл ақпаратқа неге сенбеу керегі туралы жазған болатынбыз.