Fake News

Фейк: «Мэл Гибсон Голливудта балалардың қанын ішетінін айтты»

Қазнетте белгілі Голливуд актері Мэлл Гибсонның сұхбаты таралды. Ол онда Голливудта балалардың қанын ішіп, педофилия қолдау табатыны туралы айтады. Мұның бәрі өтірік.


Шын мәнінде, Мэл Гибсон мұндай ештеңе айтқан емес. Мұны актердің өкілі Reuters порталының тілшісімен хат алмасуда растады.
Сұхбаттың дереккөзі – фейк жаңалықтар мен қастандық теорияларын тарататынымен танымал Your News Wire жаңалықтар порталы. Пойнтер институтының мамандары порталдың жалған мәліметтер мен қате деректер таратады деп мәлімдеді. 
Балалардың қанын ішу және педофилияны қолдау идеясы QAnon деп аталатын кең ауқымды конспирологиялық теориядан шыққан. Оған сәйкес, әлемдік элиталар педофилдер мен балаларды жейтін каннибалдардан тұрады. 2021 жылы Los Angeles Times басылымы QAnon-да сектаның белгілері бар және АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді, өйткені бұл теорияны жақтаушылар көп деп жазды. Теорияның шын екендігіне ешқандай дәлел жоқ.
Демек, таралған хабарлама өтірік. Мэл Гибсон мұндай мәлімдеме жасамаған. Оны фейк ақпараттар жариялайтын жаңалықтар порталының қызметкерлері ойлап тапқан. «Сұхбатта» сипатталған идеяның өзі ауқымды, бірақ толығымен негізсіз қастандық теориясынан шыққан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button