Fake News

Өтірік: «Дәрігерлерді COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсерлері туралы үндемеуге мәжбүрлейді»

Telegram чаттарында дәрігерлерді COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсерлері туралы айтуға тыйым салатын жарияламау туралы келісімдерге қол қоюға мәжбүрлейді деп жазуда. Хабарламаға сәйкес, ауруханалар ауыр ауру белгілері бар вакцинация құрбандарына толып тұр. Бұл жалған.

Хабарлама авторы нақты қай аурухана туралы айтып отырғанын және оның қай жерде орналасқанын нақтыламайды. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда мұндай жағдай болып жатпағанын атап өтті.

– Біз бірде-бір дәрігерді мәжбүрлемейміз, дәрі-дәрмектің жанама әсерлері туралы ақпаратты құпия сақтау, ондай құқығымыз жоқ, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, ол ауруханалардың COVID-19 қарсы вакциналардың түсініксіз жанама әсерлерінен зардап шеккен адамдарға «толы» деген мәлімдемені жоққа шығарды. Ресми деректер бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда КВИ профилактикасы үшін препараттарды қолданудың тікелей салдарынан болған өлім немесе ауыр жағымсыз реакциялар тіркелмеген. Сонымен қатар, вакцинаны алғанан кейін аллергиялық немесе басқа жағымсыз реакция нәтижесінде ауруханаға жатқызу жағдайлары тіркелмеген.

Қорыта айтқанда, хабарламада ұсынылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстандық дәрігерлерді қандай да бір препараттардың, соның ішінде COVID-19-ға қарсы вакциналардың жанама әсерлері туралы ақпаратты жасыруға мәжбүрлемейді. Қазақстанда вакцинаға ауыр жағымсыз реакциялардың болуы және оны алғаннан кейін болған өлім-жітім тіркелмеген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button