Fake News

Фейк: «Адамдар ауа райын басқаратын қондырғыларды бұзып тастады»

Қазнетте электр қуатын беру бағаналарын қиратқан адамдар тобы көрсетілген бейнеролик таратылды. Бұл кадрлар екі жыл бұрын Бразилияда түсірілген. Жергілікті тұрғындар ауа райын бақылай алатын және көптеген табиғи апаттардың себебі болып табылатын HAARP қондырғысын тауып алып, жойған екен. Мұның барлығы фейк.

Шын мәнінде, бұл видеоның ауа райына да, HAARP қондырғысына да ешқандай қатысы жоқ. Ол бес жыл бұрын, 2017 жылдың қараша айының басында Бразилия штатының Баия қаласында түсірілген. Ол кезде шаруалар электр станциясын қиратып, ірі Igarashi агроөнеркәсіптік компаниясына тиесілі плантациядағы сарайды өртеп жіберген. Олардың іс-әрекеттерінің себебі – компания жерді жаппай суару жүйесіне қажетті электр станциясын салған. Нәтижесінде, аймақтағы басқа фермаларда сумен және электр энергиясымен жабдықтауда кідірістер орын алған.

Конспирологияны жақтаушылар жазып отырған HAARP жүйесі ауа райын басқара алмайды. Мамандар оның көмегімен жер ионосферасының қасиеттері мен сипаттамаларын зерттейді. Шын мәнінде, HAARP жүйесі үлкен радио таратқыш болып табылады және атмосферада болып жатқан процестерді өзгерте алмайды. Жүйе жіберген радио сигналдары тропосфераға да, стратосфераға да, ауа райы қалыптасатын атмосфера қабаттарына да сіңбейді.

HAARP жүйесінің өзі 90-шы жылдары ғылыми мақсатта жасалған. Ол жұмыс істеген кезеңде конспирологтар жүйе Катрина дауылына, Фукусимадағы жер сілкінісі мен цунамиге, Гаитидегі жер сілкінісіне және соңғы онжылдықтарда болған басқа да ірі катаклизмдерге себеп болды деп мәлімдеді.

Алайда, ғалымдардың пікірінше, қондырғы аталған құбылыстарды тудыра алмайды, өйткені ол жіберген сигналдар ауа райына және атмосферада болып жатқан құбылыстарға әсер етпейді. 

Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде, Бразилия тұрғындары ауа райын бақылайтын станцияны бұзды деген тұжырым фейк деп айта аламыз. Видеода Бразилия тұрғындары құрылысы фермаларда сумен және электр қуатымен жабдықтауда кідірістерге әкелген электр станциясын қиратып жатыр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button