Fake News

Фейк: «Майкл Джексонның альбомының мұқабасында 11 қыркүйектегі теракт болжанған»

Қазнет қолданушылары Майкл Джексонның Blood on the dance Floor альбомының мұқабасында 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған теракттың болатыны шифрленгені туралы теорияны алға тартып отыр. Бұл жалған.


Бұл мұқабада қала мен бұлттар аясында қып-қызыл костюмде билеп тұрған поп-музыка королі бейнеленген. Мұқабаның авторы – суретші Уилл Уилсон.
1997 жылы альбом шыққан кезде Уилсонның да, Майкл Джексонның да 2001 жылы теракт жасалатынын білуі мүмкін емес.
2020 жылы қыркүйекте жазушы, өмірбаяншы және Майкл Джексонның жанкүйері альбом мұқабасында шифрленген таңбалар туралы қауесеттерді растауы немесе жоққа шығаруы үшін Пез Джакс Уилсоннан сұхбат алған. 
Уилсонның айтуынша, ол өз жұмысында ешқандай құпия хабарламалар жасырмаған Майкл Джексонның артындағы қала Нью-Йоркке қатты ұқсағанымен, ол емес. Қаланың альбом мұқабасында бейнеленген скайлайн Нью-Йорктегі зәулім ғимараттардың суреттерінен өзгеше.
Ерекше пішінді бұлттарда еш мағына жоқ – суретші оларды барынша драмалық етіп салуға тырысқанын айтқан.
Мұқабадағы Майкл Джексонның киімі мен тұрысы Blood on the dance floor әніне бейнебаян түсіру кезінде түсірілген фотосуреттен алып салынған. Яғни, суретші ешқандай жеке «үндеу» жасамаған.
Демек, жоқ және болуы мүмкін емес жерден белгілерді көру мағынасыз және негізсіз.
Яғни, Майкл Джексонның 1997 жылы шыққан альбомдарының бірінің мұқабасы 2001 жылғы оқиғаларды болжады деген ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button