Fake News

Фейк: «COVID-19-дан қайтыс болған 10 адамның 9-ы егілгендер»

Telegram чаттарында соңғы мәліметтер бойынша Ұлыбританияда COVID-19-дан қайтыс болған 10 адамның 9-ы үш және төрт әрте егілгендер деп жазылуда. Жалпы, коронавирустық инфекциядан көз жұмғандардың 91%-ы екпе салдырғандар. Бұл жалған.

Бұл жаңалықтың дереккөзі – британдық The Exposé порталы, ол вакцинацияланған адамдар арасындағы өлі-жітім бойынша бұрыс статистика мен басқа да фейк ақпараттарды ұдайы жариялап отырады.
Шілде айында портал вакцинацияланған адамдар жаппай өлетіні туралы екі мақала жариялады. 11 шілдеде сайтта COVID-19 көз жұмғандардың 94% вакцинацияланған адамдар құрайтыны туралы мақала жарық көрді. Ал 22 шілдеде портал марқұмдар арасында 91%-ы екпе салдырғанын хабарлады. Бірінші жаңалық та, екіншісі де шынайы емес.
Ақпараттың екеуі де Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің апта сайынғы есептеріне негізделген. Бұл ретте The Exposé порталы көрсеткіштерді контекстен үзіп алып, оларды вакцинацияланған адамдар арасындағы өлім-жітім жоғары болатындай ұсынады.
Өлім-жітімді талдау бөлімінің басшысы Сара Кол өзінің Twitter-дегі аккаунтында түсіндіргендей, вакцинацияланбаған адамдар арасындағы COVID-19 болған өлім-жітім егілгендер арасындағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

Fullfact фактчекинг порталының хабарлауынша, Ұлыбританияда вакцинацияланған адамдардың арасындағы өлімді вакциналардың қауіпті екендігінің дәлелі ретінде қарастыруға болмайды. Елдегі вакцинация деңгейі жоғары және вакциналарды үлестіру кезінде денсаулығы нашар және ілеспе аурулары бар адамдарға басымдық берілді. Сондықтан, бүгінгі күні вакцинацияланған адамдар арасында қант диабеті, қатерлі ісік, жүрек-қан тамыры аурулары және т.б. ауруларға шалдыққан адамдар көп.
Демек, таралған ақпарат – бұл фейк жаңалықтарды мақсатты түрде жариялайтын портал тілшісінің деректермен манипуляция жасау әрекеті ғана.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button