Fake News

Манипуляция: «G7 өкілі кімнің өмір сүретінін, кімнің өлетінін шешетінін айтты»

Қазнетте Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Гордон Браунның Үлкен Жетілік елдері кімнің өмір сүретінін, кімнің өлетінін шешеді деп мәлімдеген видеосы тарады. Одан әрі ол COVID-19 қарсы вакцинация туралы айтады. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, оның сөздері, пандемия – бұл әлемдік үкіметтің адамзатты жою мақсатындағы қастандығы теориясын растайды. Бұл өтірік.

Шын мәнінде, Қазнетте тараған видео үзіндісі контекстен үзіп алынған. Видеоның толық нұсқасын Интернеттен табуға болады. 

Онда Гордон Браун әлемде COVID-19 қарсы вакциналарды үлестіру туралы айтады. G7 елдері «кімнің өмір сүретінін және кімнің өлетінін» шешеді деген сөзбен ол бай мемлекеттерді үшінші әлем елдеріне вакциналар жеткізу үшін мүмкіндігінше көп қаражат бөлуге шақырды.

Гордон Браун вакцинация COVID-19-ға қарсы сенімді және тиімді қорғаныс деп мәлімдейді.

– Бүкіл әлем қауіпсіздікте болмайынша, біз де қауіпсіз бола алмаймыз», – деді ол.

Әлбетте, бұл сөздің астарында теріс ой жоқ, оның үстіне, бұл COVID-19 пандемиясының әлемдік үкіметтің қастандығының нәтижесі деген теорияны растамайды.

Бұған дейін біз мұндай идеялардың неге шындыққа жанаспайтыны туралы жазған болатынбыз.

Біріншіден, SARS-CoV-2 вирусының шығу тегі табиғи, оны ғалымдар растады.

Екіншіден, Жер халқының санының азаюы туралы теориялар негізсіз, өйткені ғалымдар демографиялық ауысу нәтижесінде табиғи демографиялық құлдырау орын алады болжайды. Бұл теорияның негізгі идеялары өмір сүру ұзақтығының артуына, ана мен бала өлімінің төмендеуіне және әйелдер арасында орта білім деңгейінің едәуір өсуіне байланысты туу табиғи түрде төмендеп келеді және жақын болашақта Жер халқының саны азая бастайды дегенге негізделген. 

Үшіншіден, COVID-19 пандемиясының жоспарланғанына нақты дәлелдер жоқ.

Мұның бәрі Қазнетте тараған Гордон Браунның сөйлеген сөзінен алынған үзінді қастандық теориясын растайтындай етіп контекстен үзіп алынғанын білдіреді. Шын мәнінде, ол бұл туралы ештеңе айтқан жоқ, ал конспирологиялық теорияның өзі дәлелденбеген күйі қалады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button