Fake News

Манипуляция: «Биыл 6 мамырда көлемі мысырлық пирамидадай метеорит Жерге құлайды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар алаңдатарлық жаңалықпен бөлісуде: биыл 6 мамырда Жерге үлкен метеорит құлайды, ол динозаврлар құрып біткен заманнан бергі ең қауіпті болады. Бұл туралы NASA мамандары алдын ала ескерткен екен. Бұл жаңалықтан қорқудың қажеті жоқ. Нее екенін түсіндіріп өтейік.


Бұл жерде 2009 жылы анықталған метеорит туралы айтылып отыр. Ол 2009 JF1 деп аталады.
Мамандардың бағалауынша, метеориттің көлемі салыстырмалы түрде шағын – диаметрі небәрі 10 метр. Бұл 2013 жылы Челябі маңында құлаған астероидтың көлемінен аз. 
Бұл тұрғыда «көлемі мысырлық пирамидадай» деген сөз манипулятивті сипатта қолданылып отыр, өйткені ол оқырмандарды адастырады. Мысырда көлемі әртүрлі жалпы 118 пирамида, оның ішінде өте кішкентайлары да бар. Гизадағы ең үлкен пирамиданың биіктігі 147 метрге жетеді, бұл 2009 JF1 астероидінің көлемінен бірнеше есе артық.
Ғалымдардың болжамынша, 2022 жылғы 6 мамырда оның Жерге құлауы мүмкін екендігі рас, бірақ мұндай оқиғаның орын алу ықтималдығы 1/140 мыңға тең. Астероидтың планетамыздың жанынан ұшып өту ықтималдығы әлдеқайда жоғары.
Демек, Жердегі тыныс-тіршілікті жоятын үлкен метеорит туралы алаңдатарлық жаңалықтардың тақырыптары – асыра сілтеу және манипуляция. 2009 jf1 метеориті – салыстырмалы түрде кішкентай және оның Жермен соқтығысу ықтималдығы өте төмен.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button