Fake News

Фейк: «Pfizer вакцинасы балалар өлімін 5100% арттырады»

Telegram чаттарында Pfizer/BioNTech шығарған Comirnaty вакцинасы балалар өлімін 5100%-ға арттырады деген пікірлер айтылуда. Мұндай деректерді Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасы жариялаған екен. Бұл фейк.

Бұл жаңалықтың негізгі көзі – фейк ақпараттарды бірнеше рет жариялаған THE EXPOSÉ порталы.
Вакцинация нәтижесінде балалар өлімінің бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін өсуі туралы ақпараттың авторы сүйенген Ұлттық статистика басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– Мақала авторы келтірген кезеңде (2021 жылғы қаңтар-қазан) COVID-19 қарсы вакциналармен тек клиникалық тұрғыдан осал жасөспірімдер ғана егілген, яғни олар ілеспе аурулары жоқ адамдарға қарағанда әлдеқайда ертерек вакцинацияланды. Клиникалық тұрғыдан осал балалар мен жасөспірімдер арасында созылмалы аурулардан зардап шекпейтіндерге қарағанда өлім-жітім жоғары болды. Бұл вакцинацияланған жасөспірімдер арасында өлім-жітім деңгейі әлі егілмегендерге қарағанда неге жоғары болатынын түсіндіреді. 10-нан 14 жасқа дейінгі таңдалған топқа келетін болсақ, 12-ге дейінгі жасөспірімдер COVID-19-ға қарсы екпе алған жоқ – деп хабарлады ведомство өкілдері Lead Stories порталына.
Сондай-ақ, олар жасөспірімдерді вакцинациялау Британияда 2021 жылы қыркүйекте, яғни THE EXPOSÉ-та шыққан мақаланың авторы қамтитын кезеңнің соңында басталғанын атап өтті.
Демек, 2021 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы кезеңде 10-нан 14 жасқа дейінгі егілген және егілмеген балалар арасындағы өлім-жітімді салыстыру дұрыс емес. Біріншіден, Ұлыбританияда жасөспірімдерді вакцинациялау 2021 жылдың қыркүйегінде ғана басталды. Екіншіден, ол кезде 12 жастағы және одан асқан балалар егілді. Үшіншіден, бірінші кезекте вакцинацияланғандардың барлығында ауыр ілеспе аурулар болды, сондықтан осы жасөспірімдер тобында өлім-жітім көрсеткіші вакцинация мәртебесіне қарамастан сау балаларға қарағанда жоғары болды.

Фактчекерлер мен мамандар COVID-19 қарсы вакциналар балалардың өліміне әкелмейді және созылмалы аурулар тудырмайтынын айтып, мұндай мәлімдемелерді жоққа шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айында Қазнетте вакцинацияға қарсы тұлға Роберт Мэлоунның осыған ұқсас мазмұндағы видеосы кеңінен тарады. Ол вакциналар балалардың ағзаларында қайтымсыз өзгерістер тудырады деп мәлімдеді. Бұл өтірік, ол туралы мына жерде жаздық.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button