Fake News

Фейк: «Билл Гейтс COVID-19 қарсы вакцинацияны тоқтатуға шақырды»

Қазнетте Билл Гейтстің COVID-19-ға қарсы вакциналарды алға жылжытқаны үшін өкінетінін айтып, жалпы вакцинацияны тоқтатуға шақырғаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл фейк.


Ақпараттың негізгі дереккөзі – бұған дейін фейк жаңалықтар таратқан британдық The Expose порталы.
Қазір Билл Гейтстің мәлімдемесі шыққан жаңалықтар парақшасында материал сатиралық сипатқа ие және тақырып кеңейтіліп, «Параллель ғаламда Билл Гейтс COVID-19-ға қарсы барлық вакциналарды жоюға шақырды» деп жазылған. 
Айта кетейік, бастапқыда парақшада мұндай белгілер болған жоқ және жаңалық шындық болып көрінді. Мұны редактордың ескертуі дәлелдейді, онда былай делінген: «бұл мақаланы алғаш жариялаған кезде, оның сатира екенін, соңында емес басында көрсетуіміз керек еді. Біз олай жасаған жоқпыз және бұл үшін кешірім сұраймыз…»
Демек, Билл Гейтстің COVID-19 қарсы вакцинацияны тоқтатуға шақырғаны туралы ақпарат, жалған хабарламалар шығаратын портал ойдан шығарылған жаңалықты факті ретінде ұсынуға тырысқаннан кейін пайда болған фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button