Фейк: «Бустерлік дозаны алу туралы сертификаттарда вакцина 5G технологиясы арқылы бақыланады деп жазылған»
Telegram мессенджерінде Pfizer/BioNTech шығарған вакцинаның бустерлік дозасын алғанды растайтын құжат көрсетілген видео таратылуда. Онда препараттың тіркеу нөмірінің жанында 5G белгісі бар. Итальянша сөйлеген кадр сыртындағы дауыс бұл технология арқылы үш рет егілген адамдарға бақылау жүргізіледі деп айтады. Бұл жалған.
Итальяндық Facta порталының хабарлауынша, интонация мен видеоның конспирологиялық теорияларды мазақ етуіне, жалпы кейпіне қарағанда бұл сатиралық видео. Сондай-ақ, мақалада 5G белгісін жазу үшін пайдаланылған қаріп құжаттағы барлық басқа ақпарат ұсынылғаннан өзгеше екендігі айтылған.
Вакцинация сертификатында көрсетілген 049269018 коды шынайы, бірақ онда 5G белгісі жоқ. Бұл Pfizer/BioNTech вакцинасына италиялық дәрі-дәрмек агенттігі берген препараттың жеке коды.
Демек, COVID-19 қарсы вакцинаның бустерлік дозалары 5G технологиясымен басқарылады деп айтуға негіз жоқ. Вакцинацияның, пандемияның және ұялы байланыстың жаңа форматының арасында байланыс бар деген пікір ойдан шығарылған және ғылыми фактілерге қайшы келеді.