Fake News

Конспирология: «Үстел ойыны басты әлемдік оқиғаларды болжады»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде «Illuminati. The game of conspiracy» үстел ойынын талқылауда. Кейбір адамдардың пікірінше, оны жасаушылар 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық шабуылды, Дональд Трамптың президент болатынын, COVID-19 пандемиясын және басқа да көптеген маңызды оқиғаларды болжаған. Мұның бәрі мүлдем дәлелденбеген.


Бүгінде ойынды Желіде сатып алуға болады. Ол 330 карточкадан тұрады, олардың әрқайсысында қандай да болмасын әрекет немесе мүмкіндік бейнеленген. Оның ішінде, мысалы, «мемлекеттендіру» – меншік иелерінен жеке бизнесті тартып алу немесе «Жындар обасы» – жер асты әлемінен құбыжықтар әлеміне жіберу мүмкіндігі бар.
Ойынды жасаушы Steve Jackson Games компаниясы оны 1981 жылы «The Illuminatus!» трилогиясын оқығаннан кейін әзірлеуді қолға алған. Бұл конспирология, балама діндер, анархия және т.б. біріктірілген сатиралық роман.
Кейіннен ойын авторы Стив Джексон жалпы, қастандық теорияларына, атап айтқанда иллюминаттарға сенбегенін, бірақ оларды қызықты деп оайлайтынын жазған. Сонымен қатар, ол ойынның жасалу тарихын егжей-тегжейлі сипаттады, оған сәйкес, ол жасалған карточкаларды сәуегейлік деп санамайды және оларды жасаудың ешқандай құпия мәні жоқ. 
Карточкаларды жасаумен айналысқан иллюстратор Джон Гриньи 2012 жылы Vice News-ге берген сұхбатында әріптестерімен бірге жасаған ойынның сәуегейлік емес екенін айтты.
«Егіз мұнаралар картасы іс жүзінде «Террористік ядролық бомба» деп аталады, ол сол кезде Кеңес Одағының ыдырауымен байланысты болған», – деді ол.

Сондай-ақ, мұндай «болжамдар» Барнум эффектісіне сәйкес келетінін атап өткеніміз жөн. Яғни, болжам жасаушылар кез келген адам немесе оқиға оңай сәйкес болатындай етіп бұлыңғыр анықтамалар береді. Мысалы, жұлдыз жорамалдарда немесе псевдо-психологиялық сынақтарда қолданылатын жалпы тіркестерде адам өзін танитын болса, ол сыни ойлауды тоқтатады және естіп-оқығанының бәрін шындық деп қабылдайды.
Бұл Illuminati ойынына да қатысты. Мысалы, мәйіттерге арналған қаптар, медициналық маска мен қолғаптар бейнеленген картамен кез келген індетті сипаттауға болады, бірақ қолданушылар оны қазір COVID-19 пандемиясымен тығыз байланыстырады.
Осылайша, 1990 жылдары шыққан үстел ойыны болашақта болатын оқиғаларды болжады деп айта алмаймыз. Иллюминаттар туралы қастандық теориясы бұрыннан бар және пандемия басталған кезде оның ұстанушылар саны артты. Демек, көптеген адамдар оқиғалардың болуының қисынды түсініктемесін елемей, жалпы тіркестер мен контекстен үзіп алынған сөздердің «ақиқат» екендігіне сенеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button