Жаңалықтар

Фейк: «Тіс пастасындағы фтор ақыл-ес кемістігіне әкеледі және ерік күшін басады»

Қазақстандықтар Telegram-чаттарда фторлы тіс пасталарының зиянын талқылауда. Пайдаланушылардың айтуынша, химиялық элементті тіс тазартқыштарға адам денсаулығына зиян келтіру және зейнеткерлік жасқа жетпей өлуі үшін әлемдік үкіметтің жасырын келісімі нәтижесінде қоса бастаған. Бұл олай емес.
Пост авторы фтор ақыл-ес кемістігін тудырып, ерік-жігерді басуы, иммунитетті төмендетуі, тіс пен сүйекті бұзуы, бүйрек, тыныс алу және қан айналым жүйелерін улауы мүмкін деп жазады. Оның пікірінше, мұның бәрі әлемдік үкімет үшін тиімді болып табылатын мезгілсіз өлімге әкеледі. Шын мәнінде, бұл олай емес.


Фтор – бұл химиялық элемент. Бұл ең белсенді металл емес және ең күшті тотықтырғыш. Фтор өнеркәсіпте, зымыран технологиясында және медицинада кеңінен қолданылады. Ол фторотан, флуоксетин, галоперидол және т.б. препараттарда кездеседі.
Тіс пасталарын өндіру үшін таза фтор пайдаланылмайды. Тіс тазалауға арналған құралдарға натрий мен қалайы фторидтері, натрий монофторфосфаты, аминофторид және т.б. қосылыстар қосылады. Олар тіс жегінің алдын алу, ағарту және тіс эмалін нығайту қызметін атқарады.
Фтор ағзаға тек тіс пастасынан ғана емес, сондай-ақ тамақ пен судан да енеді. Фтор балық, қара шай, тауық жұмыртқасы, сиырдың бауыры, қой еті және басқа да бірқатар өнімдердеің құрамында болады.
Ағзада фтор жетіспеушілігі тіс жегі мен остеопороз тудыруы мүмкін. Бұл компоненттің артық болуы да қауіпті. Бұл остеосклерозбен, сіңір байламдарының кальцификациясымен, сондай-ақ сүйек деформацияларымен байланысты қаңқа флюорозы сияқты қайтымсыз өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Жер асты суын пайдаланатын адамдардың және химиялық элементпен тікелей жұмыс істейтін өндіріс қызметкерлерінің ағзасында фтор көп мөлшерде болуы мүмкін. 
Тіс пастасын қолданудың нәтижесінде ағзада фтор мөлшері артық болуы мүмкін деген мәліметтер жоқ.
Сондай-ақ, фтордың психикалық денсаулыққа әсер ете алатындығына, ақыл-ой дамуында ауытқулар тудыратынына және ерік-жігерді басатындығына ешқандай дәлелдер жоқ.
Барлық тіс пасталарына фтор қосуға негіз болған әлемдік үкімет қастандығының бар екендігі туралы ақпарат жоқ. Қазіргі кезде нарықта тіс тазалауға арналған әртүрлі құралдар бар, олардың бәрінде бірдей фтор қосылыстары бола бермейді.
Демек, фторлы тіс пасталары аса қауіпті деген теория расталмаған және ойдан шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button