Fake News

Жалған: «Lancet медициналық журналы вакцинацияға мәжбүрлеу қылмыстық саясатына тойтарыс берді»

Вакцинацияға қарсы адамдар Lancet медициналық журналы вакцинация мен локдаунның пайдасыз екендігі туралы «жойқын» мақала жариялады деп хабарлайды. Постта ғылыми басылымның мақаласында келтірілген тұжырымдар, нәтижелер мен жалпы, зерттеудің мәні бұрмаланған.


Хабарламаның авторлары сілтеме жасаған Lancet журналындағы мақала 2021 жылғы 29 қазанда жарияланды. Ол «Ұлыбританияда вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдарда SARS-CoV-2 delta (B. 1.617.2) нұсқасының вирустық жүктемесі және қоғамдастыққа берілу кинетикасы: проспективті, бойлық, когорттық зерттеу» деп аталады.

Мақалада ғалымдар дельта-нұсқаның жеңіл түрін жұқтырған егілген және егілмеген адамдардан қоғамда (отбасында) жұғуы мен вирустық жүктеме кинетикасын зерттеді.
Зерттеу 2020 жылғы 13 қыркүйектен 2021 жылғы 15 қыркүйекке дейін Лондон мен Болтонда жүргізілді. Оған ауру жұқтырған адамдармен үнемі тығыз байланыста болған 600-ден астам адам қатысты.
Ал енді вакцинацияға қарсы адамдардың тұжырымдарын мақаладағы түпнұсқа қорытындылармен салыстырып, талдап шығайық.
«Вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдарда ең жоғары вирустық жүктеме ерекшеленбейді. Яғни, екеуі де екпе алу-алмауға қарамастан коронавирусқа бірдей ауыр зиян келтіруі мүмкін. Вакцинация коронавируспен ауырудан, әсіресе оның жаңа штамдарынан құтқармайды және вакцинацияланған (және ревакцинацияланған) науқас вакцинацияланбаған адам сияқты ауыр түрде ауыруы ықтимал».
Бұл мәлімдемеде әлеуметтік желілерде тараған ақпарат авторлары «вирустық жүктеме» және «аурудың ауырлығы» деген екі ұғымды шатастырған немесе мұны қасақана істеп тұр.

Вирустық жүктеме – бұл жұқпалы ауру кезіндегі ағзадағы вирус мөлшерінің көрсеткіші. Әдетте, ол ағза сұйықтықтарындағы, атап айтқанда, қан плазмасында (1 мл-ге) вирустық бөлшектердің мөлшері бойынша анықталады.

Аурудың немесе жай-күйдің ауырлығы – адам организмінің ағзалары және (немесе) жүйелерінің зақымдану дәрежесін не аурудан немесе жай-күйден не олардың асқынуынан туындаған олардың функцияларының бұзылу дәрежесін айқындайтын критерий.

Ғылыми мақаланың авторлары нақты вирустық жүктемені зерттеді. Олар келесідей нәтижелерге қол жеткізді: «вирустың ең жоғары жүктемесі вакцинация мәртебесіне немесе штамм түріне байланысты ерекшеленбейді, бірақ адамның жасына қарай орташа өсті».
Сондай-ақ, зерттеуде: «Дельта штаммын жұқтырған вакцинацияланған адамдарда вирустық жүктеме альфа немесе дельта штамдарын жұқтырған егілмегендерге қарағанда тез төмендеді» делінген.

Басқаша айтқанда, дельта штаммын жұқтырған вакцинацияланған адамдар альфа немесе дельта штамдарымен ауыратын вакцинацияланбағандарға қарағанда тез қалпына келді. Ғалымдар науқастардың қалай ауырғанын, яғни аурудың ауырлығын зерттемеген. Оның үстіне, зерттеу жеңіл инфекциясы бар науқастар арасында жүргізілді.
«Біздің мақсатымыз – қоғамда дельта штаммының жеңіл инфекциясы бар вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдарда вирустың берілуі мен жүктемесінің кинетикасын зерттеу», – делінген зерттеуде.
Келесі мәлімдеме:
«Авторлардың пікірінше, вакцинацияның жалғыз бонусы, жүктеме мен екпе салдырғандардың тез төмендеуі, яғни олар тезірек (біршама) қалпына келеді. Сонымен қатар вакцинадан кейінгі қауіп-қатерлерге (асқынуларға және т. б.) ұшырайды».
Вирустық жүктеменің тез төмендеуі, хабарлама авторлары айтып отырғандай «біршама» бонус емес және ол жалғыз емес.
«Вакцинация дельта нұсқаны жұқтыру қаупін азайтады және вирустың шығарылуын тездетеді», – делінген зерттеу нәтижелеріне берілген түсініктемеде.
Авторлар өз хабарламаларын қорытындылай келе, былай жазады:
«Демек, вакцина коронавирустан қорғамайды. Толық вакцинацияланған науқас (2 немесе үш екпеден соң немесе ревакцинациядан кейін) вакцинацияланбаған адам сияқты коронавирустың ауыр түрімен ауыруы мүмкін. Бұл ретте егілген адам да егілмеген адам сияқты басқаларға ауру жұқтыра алады. «Өзіңді және басқаларды қорғау үшін егілу» туралы үндеулер фейк (жалған) болып табылады».
Бірнеше себептермен бұл тұжырым жалған және манипулятивті.
1. Зерттеуге қатысушылар ауру жұқтырған адамдармен үнемі тығыз байланыста, яғни үнемі жоғары вирустық жүктемесі бар ортада болды. Бұл факт індет жұқтыруға қосымша жағдайларын жасайды, соның ішінде вакцинацияланған адам үшін де.
2. Зерттеуге ревакцинациядан өткен адамдар қатысқан жоқ. Сондықтан мақалада вирустың қалай берілетіні және жүктеменің өзгеруі туралы ақпарат жоқ. Демек, оларды хабарламада атап өту негізсіз.
3. Зерттеушілер отбасында (вакцинацияланған және вакцинацияланбаған) дельта штаммының таралу жағдайларын зерттеді. COVID-19 қарсы вакциналардың әр түрлі штаммдарға қарсы тиімсіздігі туралы айту ғылымға қарсы болып табылады.
Әрине, зерттеу авторлары вакцинацияны фейк және жалған деп атамайды, керісінше олар салдары ауыр болуы мүмкін адамдарды, соның ішінде вакцинация арқылы қорғау қажеттілігі туралы айтады.
«Біздің нәтижелеріміз дельта нұсқасының вакцинация деңгейі жоғары халық арасында қалай және неге тиімді берілетінін түсіндіруге көмектеседі. Қолданыстағы вакциналар аурудың ауыр ағымы мен COVID-19 болатын өлімінің алдын алу үшін тиімді болғанымен, зерттеу нәтижелері үй жағдайында әсері жақын және ұзаққа созылатын дельта нұсқасының берілуінің барлық жағдайларын болдырмау үшін жалғыз вакцинация жеткіліксіз екенін көрсетті. Бустерлік бағдарламалар мен жасөспірімдерді вакцинациялау арқылы халықтың иммунитетін көтеру қазіргі кезде вакцинацияның инфекцияның таралуына шектеулі әсерін күшейтуге септігін тигізеді», – деп қорытындылады зерттеу авторлары.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button