Fake News

Жасанды ет туралы мифтер мен фейктер

Калифорнияда 2021 жылы қараша айының басында зертханада ет өсіретін ірі кәсіпорын ашылды. Әлеуметтік желілерде бұл туралы фейк ақпарат тарала бастады. Пайдаланушылардың пікірінше, ет түтікшелерде обыр жасушалары принципі бойынша өсіріледі. Бұл олай емес.

«Жасанды ет обыр жасушалары қағидаты бойынша өсірілді. Бірақ қатерлі ісік жасушалары ағзадан тыс бақылаусыз көбейеді», – делінген әлеуметтік желілерде тараған хабарламада. Бұл неге шындыққа жанаспайтынын түсіндіріп берейік.
Қатерлі ісік жасушалары – бұл өмірлік циклі бұзылған жасушалар. Олар тез және бақылаусыз өседі, пайда болған жасушалар мен тіндердің түріне қарамастан бөлінеді. Бірақ ағзадан тыс емес. Жасушалардың өмірлік циклінің бұзылуына байланысты жаңа өскіндерді (ісік) құрайтын артық жасушалар пайда болады.

Зертхана жағдайында ет өндіру кезінде тірі жануардың сау тін жасушалары (бұл жасушалар көбею қабілетіне ие және бұлшықет пен май сияқты әртүрлі жасушаларға айнала алады) алынады. Жасушалар бақыланатын қоректік ортаға орналастырылғаннан кейін ғана көбейе бастайды. Содан кейін тін жасушалары бұлшықет талшықтарына бөлінеді, олар тіректің арқасында жиналады.
Айта кетейік, калифорниялық зауыт азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы мен ауыл шаруашылығы министрлігі АҚШ-та сатылатын өнімді мақұлдағаннан кейін ғана зертханада өсірілетін ет өндірісін бастайды. Бұл әлі жүзеге асырылған жоқ.

Хабарламалардағы тағы бір жалған тезис – «мәдени және зертханалық «клондалған ет» шығаратын зауыттар 80-ші жылдардың басынан бері бар». Бұл олай емес. 1990 жылдардың соңында мәдени ет өсіру әдісіне алғашқы патент берілді. 2008 жылы ет өсіру бойынша алғашқы ғылыми жарияланым жарық көрді.
Ал 2013 жылы Лондонда салмағы 140 граммдық котлеті бар, толығымен жасанды еттен тұратын әлемдегі алғашқы бургер сатылды. Мұндай деликатесті өсіру құны 250 000 евро.
Сондай-ақ, Израильде 2021 жылы маусым айында өсірілген ет өндіретін алғашқы фабрика ашылды. 2021 жылы 4 қарашада мұндай зауыт Калифорнияда іске қосылды.

«Жаһандық элиталар бүкіл әлемді жасанды тамақпен қамтамасыз ету үшін фермаларды жояды» деген тезис – бұл қастандық теориясы. Қазіргі кезде мәдени ет жаппай қолжетімді өнім емес, оны сатуға тек Сингапурда ғана рұқсат етілген.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button