Fake News

Фейк: «Спутник-V» вакцинациялан адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін жасырын маркерлік компоненттен тұрады»

Қазақстандықтар «Спутник-V» вакцинасының құрамындағы құпия маркерлік компонент туралы бейнероликпен бөлісуде. Ол вакцинацияланған адамның денесіне енгізіліп, онда ұзақ уақыт сақталады, бұл арнайы сканердің көмегімен вакцинацияланған адамдарды КВИ-ге қарсы егілмегендерден ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл өтірік.


Таралған видео авторлары Н.Ф.Гамалея Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбургтің сөзіне сүйенеді. Бұл ретте оның сөзі контекстен тыс қолданылған және мүлдем басқаша түсіндірілген.
Биыл 25 қазанда ол ТАСС басылымына берген сұхбатында «Спутник-V»-мен егілу туралы сертификаттың түпнұсқалығын қалай тексеруге болатындығын айтқан болатын.
«Адамның «Спутник V» салдырған-салдырмағанын препарат маркерлерінің бар-жоғын анықтайтын арнайы талдау арқылы тексеруге болады», – делінген мақалада.
Александр Гинцбург арнайы сканерлер және маркерлік компонент құпия болып табылады деп айтпаған. Кейіннен ол «Известия» басылымына Ad26 аденовирус векторының қабығына антиденелер маркер ретінде әрекет ететінін түсіндірді.
— Біздің вакцинамен сәтті егілудің белгісі вектордың қабығына адено-26-ға антиденелер болып табылады. «Спутник V» бірінші компоненті адено-26 негізінде жасалған. Ол адамдарда өте сирек кездеседі, пайыздың оннан бір бөлігі. Сондықтан адено-26 антиденелердің болуы адамдардың егілгенін көрсетеді. Ал егер адам реанимацияға түсіп, егілгенін айтса, бірақ онда адено-26 қабығына антиденелер болмаса, оның сертификаты жалған болуы мүмкін», — деді Александр Гинцбург.
Демек, адамның егілгенін немесе вакцинация паспортын заңсыз жолмен алғанын, оның қанында вакцинаның негізгі компонентіне антиденелердің бар-жоғын талдау арқылы тексеруге болады. Бұл үшін арнайы сканерлер қажет емес. Сонымен қатар, вакцинаның құрамында адамдарды бақылауға немесе арнайы құрылғылардың көмегімен олардың жеке деректерін алуға мүмкіндік беретін құпия компоненттер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button