Fake News
Ауруханада балаға зорлық-зомбылық көрсеткен медбикенің видеосы Қазақстанда емес, Ресейде түсірілген
Қазақстандықтар кішкентай баланы шашынан тартып, төсекке сүйреген медбикенің видеосымен бөлісуде. Кейбір қолданушылардың пайымдауынша, ролик Павлодардағы қалалық ауруханада түсірілген.
Шындығында, бұл жағдай Новосібір туберкулез ауруханасында орын алған. Оқиға жайлы үстіміздегі жылы 6 қарашада белгілі болды. Дәрігерлер баланы тексеріп, қыздың денесінде көзге көрінетін зақым жоқ деген қорытынды жасады.
Бұған қарамастан, кішкентай науқасқа зорлық-зомбылық көрсеткен медбике жұмыстан шығарылды.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе :+7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.