Fake News

Алматы ПД пәтерлерді талқандаған формадағы адамдар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда полиция және медициналық форма киіп алған белгісіз біреулердің қала тұрғындарының пәтерлерін талқандағаны туралы ақпарат таратылуда. Хабарлама ешкімге есік ашпауға және өзін құқық қорғау органдары мен дәрігерлер ретінде таныстырған адамдарға сенбеуге шақырады. Бұл жалған.

– Қазіргі уақытта мұндай фактілер тіркелген жоқ, – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button