Жаңалықтар

«42500 алуда авто-теріс жауап қайыру жоқ» – ҰАТ фейк ақпаратты жоққа шығарды

Ұлттық ақпараттық технологиялар Telegram арнада әлеуметтік төлем алуға өтініш берген кезде авто-теріс жауап қайыру атқарымы бар деген хабарды жоққа шығарды. Жалған ақпарат Facebook-те жарияланды.

Facebook әлеуметтік желісінде «Жангелді СУЛЕЙМАНОВ: 42500 туралы барлық ақпарат» топ мүшелерінің бірі әлеуметтік төлем алуға өтінімдерді тек eGov.kz электрондық үкімет сайты арқылы жіберу қажет, себебі қалған ресурстар арқылы беру кезінде автоматты түрде бас тарту пайда болады деп жазды.

Stopfake редакциясы электрондық үкіметті техникалық қамтамасыз етуге жауапты «Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ-мен байланысқа шықты. Халықпен байланыс басқармасының бас маманы Ришат Закиров хабарлағандай, ешқандай шектеулер жоқ.

«Барлық ресурстардан 42 500 төлем алуға өтінім беруге болады (eGov.kz порталы, 42500enbek.kz сайты, telegram-боттар мен банктердің қосымшалары). Оларға жіберілетін өтінім тексеруден өтеді, сондықтан нәтижеге әсер етпейді. «АВТО-теріс жауап қайыру» функциясы жоқ. Ол өтінімді қарағаннан кейін, сондай-ақ өтініш беру кезінде дұрыс емес санатты таңдаған кезде ғана мемлекеттік органнан түседі», – деп түсіндірді ҰАТ-да.

 

Әрбір өңір үшін 42500 теңге алуға арналған Telegram-боттардың тізімі сайтта орналастырылған

Басқа жаңалықтар

Back to top button