Fake News

Жалған: «ДЭФ үкіметтерге фейк жаңалықтарды оқығандарды қамауға алуды бұйырды»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік экономикалық форум елдердің үкіметтеріне фейк жаңалықтарды оқыған адамдарды тұтқындауға бұйрық берді деп жазуда. Бұл шындыққа жанаспайды.


Дереккөз – ағылшын тіліндегі The people’s voice порталы. Media Bias/Fact Check тәуелсіз жобасының бағалауы бойынша, бұл фейк жаңалықтар мен қастандық теориялары көп жарияланатын өте күмәнді ресурс.

ДЭФ-тің аталған бұйрығы туралы мақалаға форумның Twitter-аккаунтынан алынған скриншот көрсетілген видео тіркелген. Постта «фейк жаңалықтарды оқу – бұл алауыздық тудыру бойынша қылмыс» делінген. Бұл скриншот жалған. ДЭФ-тің шынайы аккаунтында мұндай жарияланымдар жоқ. Сонымен қатар, ресми аккаунттың өзі скриншотта көрсетілгендей @wef емес, @Davos деп аталады.
Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтында белгілі бір ақпаратты оқығаны үшін қамауға алу туралы да жазылмаған. Онда жалған ақпаратпен күресуге арналған мақалалар бар, бірақ оларда да қамауға алу немесе басқа жазалау шаралары туралы сөз жоқ.
Демек, таралған хабарламаң жалған. ДЭФ фейк жаңалықтарды оқыған адамдарды қамауға алуға шақырған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button