«Әлеуметтік бағыттан адасу» – дәрігерлер Шоқан Маратовтың, Say Mo және Әлия Исенованың фейк-пікірлеріне түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан қаласының №5 қалалық емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина Брифинг барысында Al-Давайl тобының экс-солисті Шоқан Маратов, әнші Say Mo және блогер Әлия Исенова сияқты қоғамдық тұлғалар тарататқан 5G мұнарасы, тікұшақтан улы зат шашырату және дүниежүзілік қастандық туралы жалған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Toppress.kz тілшісі.
Спикер бүгінгі таңда көптеген жалған ақпарат бар екенін, бірақ коронавирус пайда болған кезде, дәрігерлер де, БАҚ да, Денсаулық сақтау министрлігі мен емханалардың ресми сайттары да, барлық мамандар тікелей дәрігерге жүгіну қажеттігін айтқанын мәлім етті. Сондай-ақ, ол міндетт түрде өзіңіздің тіркелген дәрігеріңізге бару маңызды екенін атап өтті.
– Бұл ақпарат бар және өкінішке орай, әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан белгілі бір рөл атқарды. Бірақ бүгінгі күні, менің ойымша, әрбір отбасында адам шынымен ауырғанын көрсететін белгілі бір мысал бар. Қазіргі уақытта, менің ойымша, бұл жалған ақпарат өзекті емес. Бұл платформа теріс пайдаланылғаны өкінішті-ақ және әлеуметтік бағыттан адасу жақсы нәрсе емес. Өзін-өзі қалай ұстау керектгі және қашықтықты қалай дұрыс сақтау керектігі туралы ресми және дұрыс ақпарат ашық көздерде қолжетімді. Менің ойымша, біздің халықтың басым көпшілігі осы нұсқауларды басшылыққа алады, – деп атап өтті Табулдина.