Fake News

Фейк: «қатерлі ісік адамдарға сиыр шешегі екпесі салынғаннан кейін ғана пайда болды»

Қазнет пайдаланушылары адамдарға сиыр шешегі екпесі салынғанға дейін қатерлі ісік ауруы белгісіз болды деген хабарламаны талқылауда. Бұған дәлел ретінде доктор Кларктың мақаласынан үзінді келтірілген. Ол вакцинацияланбаған адамда қатерлі ісік болғанын мүлдем көрмегенін айтады. Дәрігер өз қорытындыларын 1909 жылы Pueblo Sun газетінде жариялаған. Бұл өтірік ақпарат.

Доктор Кларктың мақаласында вакцинация қатерлі ісік тудыруы ықтимал гипотетикалық механизм сипатталған. (https://www.coloradohistoricnewspapers.org/?a=d&d=PBS19090202-01.2.87&e=——-en-20–1–img-txIN%7ctxCO%7ctxTA——–0——) Оның мәні мынада, жануарларда белсенді түрде өсетін жасушаларды баяу өсетін адам жасушаларына тасымалдау олардың қалыпты дамуын бұзады. Бұл жасушалық өмірде теңгерімсіздікке әкеледі, бұл уақыт өте келе қатерлі ісікке ықпал ететін факторға айналуы мүмкін.

Дәрігер ешқандай ғылыми дәлелдер келтірмейді, тек ой қорытындылайды. Сонымен қатар, Pueblo Sun газеті – бұл ойын-сауық басылымы, мұнда жарияланған мақалалардың ғылымға ешқандай қатысы жоқ.

2015 жылдың қаңтарында Journal of Cancer ғылыми мамандандырылған журналында қатерлі ісіктің пайда болу тарихы баяндалған мақала шықты. (https://pmc.ncbi.nlm.nih.gov/articles/PMC4278912/#:~:text=The%20first%20description%20of%20human,uterus%2C%20stomach%2C%20and%20rectum.) Зерттеушілердің пікірінше, қатерлі ісік адам пайда болғанға дейін болған. Мұны жануарлардан анықталған ісіктердің палеонтологиялық нәтижелері растайды.

Адамның қатерлі ісігі туралы алғашқы жазба Эдвин Смиттің папирусында кездеседі, ол б.з. д. 3000 жылдан басталады, онда сүт безі қатерлі ісігі сипатталған. Сонымен қатар,  Эберстің папирусында б.з.д. 1500 жылғы құжаттар бар. Онда теріге, жатырға, асқазанға және тік ішекке қатысты әртүрлі ісіктер туралы айтылады. Осы ежелгі Мысыр мәтіндерінде қатерлі ісік «құдайлардың қарғысына» байланысты емделмейтін ауру деп көрсетілген. (https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/20960499/)

Бұл пікір қатерлі ісік туралы алғашқы ғылыми теорияны ұсынған Гиппократ (б.з. д. 460-370 жж.) дәуіріне дейін сақталды. Ол ауру ағзадағы қара өттің артық болуынан болады деп пайымдаған.

Сондай-ақ, бұл ауруды сипататйтын терминдер мен сөздер вакцинациядан бұрын шыққан. Гиппократ ауруды шымшуырымен айналасындағы тіндерге жабысып алатын теңіз шаянымен салыстыра отырып, «карцинома» терминін қолданған. Кейін дәрігер Цельс (б.з. д. 25 – б. з. 50 ж.) бұл сөзді «қатерлі ісік» – латынша теңіз шаяны деп аударған. Гален (130-200 жж.) ісіктерді «ісік» дегенді білдіретін гректің «онкос» терминін қолдана отырып сипаттаған.

Теориялық онкология тарихы ағылшын дәрігері Персивал Поттың зерттеулерінен бастау алады, 1785 жылы мұржаны тазартумен айналысатын адамдардан ұма қатерлі ісігі жиі болатынын байқаған ол бұл құбылысты күйенің канцерогендік әсерімен байланыстырған. (https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D0%BD%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F)

Ал жұқпалы ауруға қарсы вакцинаны алғаш рет 1796 жылы британдық дәрігер Эдвард Дженнер жасаған. (https://en.wikipedia.org/wiki/Smallpox_vaccine) Ол салыстырмалы түрде жеңіл болатын ірі қара малдың шешек вирусын жұқтыру аса қауіпті табиғи шешек вирусына қарсы иммунитет беретінін көрсетті.

Айта кету керек, сиыр шешегі ХХ ғасырда шешекке қарсы заманауи вакцина жасалғанға дейін табиғи егу ретінде қолданылған. Бүгінгі таңда шешек вакцинацияның арқасында жойылған алғашқы және жалғыз ауру. (https://vaccination-info.europa.eu/en/history-vaccination)

Қатерлі ісік сиыр шешегіне қарсы вакцинациядан кейін ғана пайда болды деген пікір мүлдем дұрыс емес. Қатерлі ісік вакциналар әзірленгенге дейін болған, бұл жануарлардан ісіктердің анықталуымен және қатерлі ісік туралы жазылған Ежелгі Мысыр папирустарымен расталады. Ал сиыр шешегі вакцина ретінде тек XVIII ғасырдың соңынан бастап қана қолданыла бастады. Демек, таралған ақпарат – фейк.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button