Fake News

Алаяқтар әлеуметтік желілерде тегін iPhone сыйлаймыз деп алдауда

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар арасында түрлі байқаулар мен бағалы сыйлықтар ұтысы жиі өткізіледі. Кейбір кездері алаяқтар отандық жұлдыздар мен басқа да танымал тұлғалар атынан тіркеледі. Әдетте, ұтыс шарттары қарапайым болады – бағалы сыйлыққа ие болу үшін достарыңды белгілеу керек немесе репост жасайсыз.

Мысалы, StopFake редакциясы осындай хабарламалардың біріне тап болды. Ұйымдастырушылар пандемияға байланысты мұқтаж жандарға 1500 ұялы телефон тарту етпек. Ол үшін пайдаланушы пост соңында пікір білдіруге тиіс.

Хабарламада, тіпті, бұған дейін iPhone жеңіп алған адамдардың байқауға жіберілмейтіндігі туралы ескерту жасалған. Осылайша жазушылар байқаудың бұған дейін өткізілгеніне және шынымен сыйлық ұтып алуға болатынына көз жеткізеді.

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР !!!Ковид19 пандемиясының салдарынан ұялы телефонға мұқтаж адамдарға көмектескіміз келеді.«Iphone» деп…

Опубликовано Iphone-new Суббота, 29 августа 2020 г.

 

Аккаунт 2 тамызда тіркелген. Онда телефон тарату туралы бейнероликпен ұсынылған бір ғана жазба бар. 30 тамызда күмәнді пост соңында 20-ден аса пікір жазылған және 200 пайдаланушы онымен бөліскен.
Мұндай схемалар бұрыннан бар. Пікірлер санына қарасақ, оңай олжаны аңсайтындар аз емес. Мұндай ұтысқа қатысқанннан кейін ештеңе де өзгермейді. Біреулер осылайша жазушылар базасын жинап жатқан болар.
Бірақ ұтысты ұйымдастырушылар сізге iPhone жеңіп алдыңыз деп жазуы мүмкін. Ал оны алу үшін жеткізу ақысын төлеу қажет болады. Ақшаны аударған соң сіздің номер бұғатталады. Телефон да, жомарт ұйымдастырушылар да ғайып болады. Байқаудың алаяқтық екендігін түсіну оңай. Естеріңізде болсын, егер «жеңіске» жеткеннен кейін сізден сыйлықты жеткізу, жіберу, буып-түю, салық, баж төлеу немесе басқа мақсатта ақша сұраса – бұл өтірік.
StopFake жалған аккаунттар алдау арқылы пайдаланушылардың ақшасына ие болатынын ескертеді. Егер осындай жағдайларға тап болсаңыз, редакцияға хабарласуыңызды сұраймыз.( Whatsapp +77077395599).

Басқа жаңалықтар

Back to top button