Fake News

Фейк: «Қырғызстан тұрғындары 5G антеннасын қиратты»

Танымал қазақстандық Telegram-арналарда Қырғызстанда ауылдардың бірінде 5G-антеннасын бұзудың салдары көрсетілген видео таратылуда. Бұл 5G-ге ешқандай қатысы жоқ ескі видео.

Кадрлар 2021 жылдың қыркүйегінде Башқұртстанда түсірілген. Ол кезде республика ауылдарының бірінің тұрғындары 5G «сәулелерінің таралуынан» қорқып, трактормен бағананы құлатқан. Алайда, кейіннен ауылда 5G антенналары мүлдем болмағаны, ал тұрғындардың қиратқаны Tele-2 ұялы байланыс бағанасы болып шыққаны анықталды.
5G форматындағы байланыстан қорқудың қажеті жоқ. Технология жұмыс істейтін жиілік диапазоны адамдар үшін қауіпсіз. Бұл ғылыми зерттеулермен, сондай-ақ Еуропалық парламенттің арнайы комиссиясының қорытындысымен расталады.
Сондай-ақ 5G желілері әлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Қытайда, АҚШ-та, Филиппинде, Оңтүстік Кореяда, Канадада және басқаларында орнатылғанын атап өткен жөн. Жаңа форматтағы байланыстың іске қосылуы тұрғындардың денсаулығына әсер етпейді.
Қорыта айтқанда, Қырғызстанда құлатылған 5G антеннасы туралы тараған видео – фейк. Біріншіден, бұл кадрлар 2021 жылы түсірілген, екіншіден, оқиға Башқұртстанда болған, үшіншіден, бұзылған бағана 5G антеннасы емес, ұялы байланысты қамтамасыз еткен.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button