Fake News

Фейк: «COVID-19 вакциналарының 40% плацебо»

Танымал қазақстандық Telegram-арналарда пайдаланушылар COVID-19-ға қарсы егу науқанының басында пайдаланылған барлық вакциналардың 40% плацебо болып табылады деп жазды. Олар егілген адамдардың бәрінен бірдей Bluetooth сигналы тарамайтындықтан осындай қорытынды жасаған. Бұл конспирология.


Біріншіден, Astra-Zeneca шығарған COVID-19 қарсы вакцинаны салдырған адамдар Bluetooth-ға ешқандай құрылғысыз қосыла алады деген теория жоққа шығарылды. Оның авторы @al_janabi лақап атымен белгілі TikTok қолданушысы болды. бірер уақыттан кейін бейне кеңінен таралып, басқа да әлеуметтік желілерде шығарылды.
Шын мәнінде, Bluetooth сигналын тарату немесе қабылдау үшін антенна қажет. Bluetooth 2,4 гигагерц орталық жиілігімен лицензияланбаған ISM диапазонында жұмыс істейтіндіктен, мұндай сигналды ұстай алатын антеннаның ұзындығы шамамен 31 мм болуы керек. Яғни, ол вакцина құтысында көрініп тұратын еді. Оның үстіне, әдетте, вакцинаның бір құтысы бірден бірнеше пациентке есептеледі. Мысалы, видеода айтылған AstraZeneca вакцинасының 4 мл бір құтысы 8 адамға арналған. Сондай-ақ, 5 мл құтылар да болады, олар 10 адамға есептелген. Тиісінше, бір құтыда әрқайсысы 3 см болатын 8-10 антенна болуы керек және оларды байқамауға болмайды.
Мамандар екпе салдырған адамдар Bluetooth сигналдарын таратуы немесе қабылдауы мүмкін деген теорияларды бірнеше рет жоққа шығарды.
Екіншіден, КВИ қарсы вакциналардың бір бөлігі плацебо деген теорияны биыл қаңтар айында Reuters басылымы жоққа шығарды. Сонымен қатар, вакциналардың құрамы егу науқаны басталар кезде баршаға қолжетімді болды және содан бері өзгерген жоқ. Екпелердің нақ осы құрамы ел ішіндегі реттеуші органдармен мақұлданды.
Вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.

Үшіншіден, КВИ вакциналарының бустерлік үшінші дозасы препараттардың алғашқы партиялары плацебо болғандықтан емес, ғалымдар анықтағандай, вакцинациядан кейін қалыптасқан иммунитет төмендеуі мүмкін және вирустың жаңа нұсқаларына қарсы жеткілікті қорғаныс деңгейін қамтамасыз етпейтіндіктен керек. 
Плацебо вакциналары туралы хабарламалар вакцинацияланған адамдар препаратты алғаннан кейін алты айдан кейін өле бастайды деген бұған дейін тараған теорияларға байланысты болуы ықтимал. Бұл жүзеге аспағандықтан, қастандық идеяларының авторлары теорияны аздап өзгертіп, өз болжамдарын «ұзарту» тиімді.

Демек, COVID-19 қарсы вакциналардың бір бөлігі плацебо дегенге сенудің қажеті жоқ. Бұл теория теріске шығарылды және вакцинация науқаны басталғаннан бері вакциналардың құрамы өзгерген жоқ. Вакцинацияланған адамдар Bluetooth сигналдарын тарата алатыны туралы идея ғылымға қарсы және физика заңдарына қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button