Fake News

Фейк: «Испания Денсаулық сақтау министрлігі SARS-CoV-2 бар екенін дәлелдей алмайтынын ресми түрде мойындады»

Әлеуметтік желілерде SARS-CoV-2 вирусы әлемнің бірде-бір зертханасында оқшауланбағаны туралы хабарлама таратылуда. Бұл туралы Испания Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген екен. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл фейктің қайдан шыққаны жайлы айтып берейік.


Қазақстандық әлеуметтік желілерге бұл хабарлама Испанияда тұратын әйел елдің денсаулық сақтау министрлігінің ресми хабарламасын орыс тіліне аударып отырған ролик түрінде тарады.
«Бізде SARS-CoV-2 вирусы жоқ және оны оқшаулауға, демек тестілеуге де мүмкіндік жоқ. ( … ) Сонымен қатар, бұл вирус оқшауланған немесе анықталған зертхананы білмейтіндерін айтты», – дейді видео авторы.
Испания Денсаулық сақтау министрлігінде мұндай мәлімдемелер жасалған жоқ.
Шындығында не болды?
2021 жылы шілде айында ведомствоның қоғаммен байланыспен айналысатын ақпарат бөліміне WhatsApp мессенджері арқылы COVID-19 қарсы вакциналар мен SARS-CoV-2 вирусына қатысты бірнеше сұрақ жолданды. Ақпараттық қызмет жауаптар жазып, оған қоғамдық денсаулық сақтаудың бас директоры Пилар Апарисио Азкаррага қол қойған.
Сұрақтардың бірі Денсаулық сақтау министрлігінде SARS-CoV-2 сынамалары бар-жоғы туралы болған. Министрлік былай жауап берген:
«Денсаулық сақтау министрлігінде тестілеу үшін SARS-CoV-2 өсіндісі және тестілеу үшін егу және оқшаулау мүмкіндігі бар зертханалардың тізілімі жоқ».

Вакцинацияға қарсы адамдар жауапты өзгеше түсініп, SARS-CoV-2 мүлдем оқшауланбаған, яғни вирус жоқ деген қорытынды жасаған. Бұл жаңсақ пікір.
Ведомство Денсаулық сақтау министрлігінің өзі SARS-CoV-2 үлгілерін өсірумен және оқшаулаумен айналыспайтынын хабарлады. Бұл биоқауіпсіздік деңгейі 3 (BSL-3) арнайы зертханаларда жүзеге асырылады.

Бұл зертханалар зерттеушілердің ауру жұқтыруын немесе патогеннің тарап кетуіне жол бермейтіндей етіп жабдықталған.

Испания Денсаулық сақтау министрлігінің өзінде бұл нысандар жоқ. Алайда, елдегі бірнеше BSL-3 зертхана SARS-CoV-2 өсіріп, оқшаулаған – бұл Ғылым және инновация министрлігіне қарайтын Ұлттық биотехнология орталығы және Ұлттық микробиология орталығы. Сондай-ақ, 2020 жылы маусым айында SARS-CoV-2 оқшаулап, сипаттаған және микроскоппен түсірілген вирустың суреттерін жариялаған Сарагоса университетінің зерттеулерді қолдау қызметі.

https://www.unizar.es/noticias/el-sai-de-la-universidad-de-zaragoza-obtiene-imagenes-microscopicas-del-primer-0

SARS-CoV-2 вирусын әртүрлі ғалымдар әлем бойынша зертханаларда оқшаулаған.

Демек, SARS-CoV-2 оқшауланбаған деген тұжырым да, Испания Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәлімдемесі туралы хабарлама да жалған болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button