Fake News

«Қазақтелеком» байланысқа қатысты техникалық мәселелер туралы хабарламаларға жауап берді

Мессенджерлерде байланыспен проблемалар туындағаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл жағдайға қатысты «Қазақтелеком» түсініктеме берді.


Пайдаланушылар таратып жүрген хабарламаға сәйкес, «Қазақтелеком» АҚ желі ядросының орталық тораптарының бірі жүктемені көтере алмай жатыр. Мәселені шешуге қондырғы өндірушісінің техникалық қолдау көрсету қызметі атсалысуда. Қазақстан бойынша көптеген заңды және жеке тұлғаларда байланыспен қиындықтар туындағаны байқалады».
Компанияның баспасөз қызметі Stopfake.kz жолдаған сауалға былай деп жауап берді:

«Техникалық себептерге байланысты Алматы қаласындағы магистральдық торап арқылы статистикалық мекен жайлар бойынша жұмыс істейтін бірқатар сервистер шектелді. Қазіргі кезде бұл мәселе шешілді, сервистердің қалпына келтірілуі тексерілуде. Жеке тұлғаларға штаттық режимде қызмет көрсетілуде», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button