Fake News

Мемлекеттік кірістер комитеті сән-салтанат салығының мөлшерлемесі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде сән-салтанат салығының мөлшерлемелері көрсетілген кестені таратуда. Ол бойынша екі миллион теңгеден қымбат жылжымайтын мүлікке ие адамдардың әрқайсысына қосымша салық салынатын болады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.


Ведомствоның хабарлауынша, таралған кестенің сән-салтанат салығына қатысы жоқ.

– Таралған кестеде ҚР Салық кодексінде жазылған жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша қолданыстағы мөлшерлемелер көрсетілген. Бұл кестеге сәйкес, жылжымайтын мүліктің бағаланған құны неғұрлым жоғары болса, салық мөлшерлемесі соғұрлым жоғары болады. Алайда, бұл сән-салтанат салығы емес. Президент тапсырмасы аясында бұл мүлдем басқа салық болады. Оның тұжырымдамасы әлі бекітілген жоқ, сондықтан біз қазір бұл салықтың қандай болатынын айта алмаймыз, – деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Желіде тараған кесте пайдаланушыларды шатастырып отыр. Онда жеке тұлғалардың қолданыстағы мүлік салығы туралы ақпарат ұсынылған, оның сән-салтанат салығына ешқандай қатысы жоқ, өйткені бұл салықтың тұжырымдамасы әлі әзірленіп жатыр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button