Fake News

Фейк: «Мектеп асханаларында балаларға вакцина қосылған ашытылған сүт өнімдері беріледі»

Қазнет қолданушылары биылғы оқу жылында мектеп асханаларында балаларға міндетті түрде КВИ қарсы вакцина қосылған йогурт, айран және ряженка берілетіні туралы бейнеролик таратуда. Осылайша, ата-аналардың келісімінсіз мектеп оқушылары жасырын түрде вакцинацияланады екен. Бұл жалған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ✴ЗНАЙ СВОИ ПРАВА✴ (@znaj_svoi_prava_petropavlovsk)

Ресейде ашытылған сүт өнімдері түрінде вакцина әзірлене басталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сәуір және маусым айларында хабарланды.

Ол кезде ғалымдар ерекше препараттар жасауды енді ғана қолға алған болатын. Бүгінгі таңда бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. COVID-19-дан қорғайтын йогурт, айран және ряженка әлі клиникалық сынақтан өткізілмеген және нарыққа шығарылмаған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай ашытылған сүт өнімдері мектеп асханаларында балаларға міндетті түрде берілетіні туралы теорияны жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тағам өнімдері түріндегі вакцина Қазақстан Республикасына әкелінген жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Яғни, мектеп асханаларында КВИ қарсы иммундауға арналған препараттар қосылған сусындар мен өнімдер ұсынылмайды. Сонымен қатар, Қазақстанда балаларды вакцинациялау тек ата-аналардың немесе қамқоршылардың жазбаша ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.

Бұған дейін қазақстандықтар барлық тағамды COVID-19-ға қарсы вакциналармен «улайды» деген қауесет таратқан. Мұның неге шындыққа жанаспайтыны туралы мына жерден оқи аласыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button