Жаңалықтар

Манипуляция: «Ғалымдар осы уақытқа дейін қатерлі ісікті емдеуді үйренбесе, олар COVID-19 қарсы вакцинаны да тез жасай алмайды»

Қазнет қолданушылары COVID-19 арсы вакциналарға сенімсіздіктерін білдіруде. Мұның себебі – препараттың «тым» қысқа уақытта әзірленуі. Хабарламада вакцинаны тез жасап шығару мүмкін емес, өйткені бұрыннан белгілі қатерлі ісік әлі күнге дейін емделмейді делінген. Шын мәнінде, мұндай салыстыру дұрыс емес.
Ауруды сәтті емдеудің міндетті шарты оның себептері мен даму механизмдерін түсіну болып табылады. COVID-19 жағдайында бұл ақпарат алғаш диагноз қойылғаннан кейін бірден белгілі болды. 2019 жылдың желтоқсанында мамандар пневмониямен ауырған науқаста нуклеин қышқылына талдау жүргізді, нәтижесінде бұрын адамзатқа белгісіз SARS-CoV-2 коронавирусы анықталды. 
Кейінірек ғалымдар вирустың геномын толығымен ашты. Ол баршаға қолжетімді боулы үшін жарияланды.
Осыдан кейін әлемде ауруды зерттеу және вакцина жасау бойынша белсенді жұмыс басталды. Ғалымдар бұрын болған әзірлемелерді қолданды. Бұл, мысалы, әзірленген, бірақ әлі клиникалық сынақтан өтпеген SARS коронавирусына қарсы вакцина. Сондай-ақ, мамандар ChAdOx аденовирустық векторын зерттеу бойынша қолданыстағы жұмыстарға сүйенді, соның негізінде COVID-19 қарсы кейбір вакциналар жасалды, мысалы, AstraZeneca.
Айта кетейік, COVID-19 қарсы вакциналардың қарқынды дамуына қарамастан, препараттар мұқият сынақтан өткізіліп, тексерілді. 
Қатерлі ісікке қарсы дәріге келсек, бұл ретте жағдай әлдеқайда қиын. Біріншіден, қатерлі ісік – бұл бір ауру емес, бұл онкологиялық аурулардың 200-ден астам түрінің жалпы атауы. Бұл жағдайда әр түрдің бірнеше шағын түрлері болуы мүмкін. Ісіктердің пайда болу себебі жасушалардағы ДНҚ мутациясы болып табылады, алайда бұл мутацияны не тудыратыны нақты белгісіз. Сонымен қатар, бір обыр ісігінде жасушалар бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Көбінесе мұндай жасушалар сыртқы әсерлерге өте төзімді және оларды сау мүшелер мен тіндерге зақым келтірместен жою өте қиын.
Бір дәрі-дәрмек қатерлі ісіктің барлық түрін жеңе алмайтыны және бәріне бірдей тиімді бола алмайтыны анық.
Алайда ғалымдар да қарап қалмай, қатерлі ісік түрлерін зерттеп, оларды емдеудің жаңа әдістерін қолдануды жалғастыруда.
Соңғы жылдары мамандар терапевтік вакциналар, CAR-T жасушалық терапия, CRISPR технологиясы, сондай-ақ адам микробиомасын зерттеуге негізделген әдіс сияқты емдеудің бірнеше инновациялық түрлерін ұсынды. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы жиырма жылдың ішінде медицинаның дамуы онкологияның әртүрлі түрлерімен ауыратын науқастардың өмірін бес жылға ұзартуға мүмкіндік берді. 1990 жылдан бастап 2016 жылға дейін диагноз қойылған сәттен бастап бес жыл ішінде қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітім статистикасы 17% төмендеді.
Демек, ғалымдар қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек іздеуді жалғастыруда, бірақ бұл өте ұзақ және күрделі жұмыс.

Қорыта айтқанда, осы күнге дейін қатерлі ісік ауруы емдейлмейтіндіктен, ғалымдар COVID-19-ға қарсы тиімді вакциналар жасай алмайды деген тұжырым дұрыс емес.
COVID-19 алдын-алу әлдеқайда оңай, өйткені ғалымдар оның қоздырғышын, SARS-CoV-2 коронавирусын біледі, оның геномы толығымен ашты және зерттеді.
Өз кезегінде, қатерлі ісік, екі жүзден астам әртүрлі онкологиялық аурулардың жалпы атауы болып табылады, олардың әрқайсысының шағын түрлері бар. Ісіктердің дамуының нақты себептері әлі белгісіз. Алайда, мамандар емдеудің жаңа әдістерін ойлап табуда, нәтижесінде бұл обыр ауруына шалдыққандар арасында өлім-жітімнің төмендеуіне әкелді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button