Фейк: «Вакциналарда цифрлық із бар»
Telegram чаттарға қатысушылар бір-бірімен жаңалықтар шығарылымынан алынған үзіндімен бөлісуде. Сюжеттен COVID-19 қарсы вакциналарда белгілі бір цифрлық із бар екендігіне дәлел табылған. Бұл олай емес.
Видеода «цифрлық із» сөз тіркесін Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко қолданады. Жаңалық сюжетінде оның XI Бүкілресейлік пациенттер конгресінде сөйлеген сөзінен үзінді келтірілген: Даму векторы: пациентке бағытталған денсаулық сақтау. Іс-шара былтыр қараша айында онлайн-форматта өтті. Толық видеосы баршаға қолжетімді.
Толық бейнеден министрдің вакцинадағы чиптер мен құпия ингредиенттер туралы айтпағаны байқалады. Бұл ретте клиникалық зерттеулерге қатысушыларда «Спутник-V» вакцинасына жағымсыз реакцияларды цифрлық бақылау жүйесі туралы сөз болып отыр. Михаил Мурашко ол туралы өткен жылдың қыркүйегінде айтқан. Онда еріктілер дәрігерлермен байланыста болып, өз жағдайларын қадағалай алатын арнайы қосымша әзірленгені жайлы мәлімдеген.
Сонымен қатар, цифрлық із – материалдық емес нәрсе. Оны бір заттың құрамына қосу мүмкін емес. Цифрлық із – бұл адам Интернеттегі қызметі нәтижесінде қалдыратын ақпарат. Цифрлық із екі түрлі болады: пассивті және белсенді. Біріншісіне cookie файлдары, IP мекен жайы, браузер туралы ақпарат және соған ұқсас мәліметтер кіреді. Белсенді цифрлық із – бұл қолданушы әлеуметтік желілерде, пікірлерде, ашық платформалардағы хабарламаларда жариялайтын фотосуреттер жиынтығы, «лайк» немесе «дизлайк» сияқты белгілер және т.б..
Яғни, цифрлық із – бұл бақылауға арналған құрылғы емес, бүкіләлемдік ғаламтордағы әрекеттер туралы ақпарат жиынтығы. Оны кез келген препараттың құрамына қосу мүмкін емес және мағынасыз.
COVID-19 қарсы вакциналарда чиптер бар – бұл конспирологиялық теория. Бұған ешқандай дәлел жоқ. КВИ қарсы вакциналардың құрамы жария етілген және көпшілікке қолжетімді. Олардың құрамында ешқандай электрондық құрылғылар жоқ.
Вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Демек, РФ Денсаулық сақтау министрі өз сөзінде «Спутник-V» вакцинасының клиникалық зерттеулеріне қатысушылардың жағдайын бақылау үшін арнайы жасалған бағдарлама туралы айтқан. Ол вакцинадағы чиптер немесе бақылау құрылғылары туралы мәлімдеген жоқ.