Fake News

Фейк: «Барлық вакциналар құрамында өлік уы бар»

Әлеуметтік желілерде барлық вакциналарда сынап тұздарымен «сүрленген» өлік уы бар деген ақпарат таратылуда. Бұл болжам ғылымға қарсы және белгілі фактілерге қайшы келеді.

«Өлік уы» – бұл қазіргі ғылымда қолданылмайтын ескірген ұғым. Бүгінде өліктің шіруі нәтижесінде пайда болатын заттарды «птомаиндер» деп жалпы сөзбен атайды. Олардың құрамына төрт компонент кіреді: нейрин, спермин, путресцин және кадаверин.
Олардың барлығы өте улы және ауыр улануға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Сондықтан, жоғарыда аталған компоненттер COVID-19 және басқа ауруларға қарсы вакциналардың құрамына кірмейді.
КВИ қарсы вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.

Бұл препараттардың құрамына пост авторы айтқан сынап тиомерсалы кірмейді.
Алайда, ол иммундауға арналған кейбір басқа препараттарда болады. Дегенмен, бұл зат птомаиндерді «сүрлеу» үшін қажет дегеннің белгісі емес. Сынап тиомерсалы вакциналарда және кейбір дәрі-дәрмекте бактериялардың өздігінен өсуіне жол бермеу үшін қолданылады.
Бірқатар ғылыми зерттеулер бұл компонентті қолдану қауіпсіз екенін және қандай да болмасын аурудың дамуына әкелмейтінін дәлелдеді.
Демек, вакциналар сынап тұздарының көмегімен сүрленген өлік уы деген пікір дұрыс емес. Вакциналардың құрамында птомаиндер жоқ, ал сынап тиомерсалы барлық вакциналарда қолданыла бермейді. Ғылыми зерттеулер сынап тиомерсалы дәрі-дәрмекке қосылатын мөлшерде қауіпсіз және аурудың дамуына әкелмейтінін дәлелдейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button