Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдарды қыс айларында карантинге жабу керек»

WhatsApp-та француз дәрігері Кристиан Перронның вакцинацияланған адамдарды қыс айларында оқшаулап, карантинге жабу керек деген сөзі тарады. Оның айтуынша, бұл егілген адамдар басқаларға қауіпті және суық мезгілде қатты ауырып қалуы мүмкін болғандықтан қажет. Мұның бәрі өтірік.


Кристиан Перрон – француз дәрігері. Ол былтыр желтоқсан айында Гаршадағы Раймонд Пуанкаре ауруханасында жұқпалы және тропикалық аурулар бөлімінің бастығы қызметінен босатылды. Бұған «ол атқарған қызметке лайықсыз деп саналған ескертулер» себеп болды.  Атап айтқанда, Перрон COVID-19 пандемиясы өтірік деп мәлімдеген. Кейіннен ол вакцинацияға қарсы адамдармен көтеріліске шыққан. Оның барысында вакциналар адамның ДНҚ өзгерте алады, олардың тиімділігі дәлелденбеген және мыңдаған адамдардың өліміне себеп болған деген пікірлер айтылды. Бұл тезистердің барлығы бірнеше рет теріске шығарылған конспирологиялық теориялардың бөлігі және ғылымға қарсы жаңылыстар болып табылады.
Вакцинацияланған адамдар әлі екпе салдырмағандарға қауіпті болуы мүмкін деген болжам да ғылымға қарсы және негізделмеген. Бұған дейін біз мұндай мәлімдемелер неге шындыққа жанаспайтыны туралы жазған болатынбыз.

COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар екпе жасатпағандар үшін қауіпті емес

ДДСҰ-ның вакцинацияланған адамдарға арналған ресми ұсыныстарында қыс айларында оқшаулану туралы айтылмаған. АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ресми порталында жарияланған вакцина алғандарға арналған нұсқаулықта да мұндай ақпарат жоқ.
Ұлыбритания үкіметі қыркүйек айында жариялаған «COVID-19-ға жауап: күз бен қысқа жоспар» құжатында толық вакцинацияланған адамдарға оқшаулану қажет еместігі жазылған. 
Қазақстанда COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған және аурудың ешқандай белгілері жоқ вакцинацияланған адамдар үй карантиніне жабылмайды.
Сондай-ақ, хабарламада Израильде жағдайы ауыр науқастардың 95%-ы КВИ-ге қарсы егілгені туралы ақпарат ұсынылған. Бұл манипуляция. Біріншіден, соңғы мәліметтер бойынша, елде халықтың 64%-ы вакцинаның екі дозасымен егіген, тағы 5,4%-ы екпенің бір компонентін алған. Осылайша, Израильде егілген адамдардың жалпы саны 69.4% құрайды.
Израильде ауруханаға жатқызылған немесе қайтыс болған адамдардың басым бөлігі егілгендер деп айту дұрыс емес. 2021 жылғы 20 тамызда Reuters елде вакцина алған 300-ден астам пациент COVID-19 диагнозымен стационарларда жатқанын хабарлады. Бұл ретте сол кезде 5,4 миллион азамат вакцинаның екі дозасын алған болатын. Демек, барлық егілген адамдардың шамамен 0,006% ауруханаға жатқызылған.

Биыл шілде айында The Times of Israel басылымы COVID-19 ағымы ауыр пациенттердің ішінде тек біреуі ғана вакцинацияланғанын және оның 60-тан кіші екенін хабарлады.
Сарапшылардың пікірінше, Израильде КВИ ауруының өсуіне вакцинация емес, Дельта нұсқасының таралуы себеп болды. Вакциналардың оған қарсы тиімділігі төмен.
Дегенмен, статистика көрсеткендей, сырқаттанушылықтың рекордтық өсуіне қарамастан, елде өлім-жітім мен ауруханаға жатқызу көрсеткіштері егу науқаны басталған кездегі былтырғы ең жоғары көрсеткіштерден төмен.

Қорыта айтқанда, қыста вакцинацияланған адамдарды оқшаулау керек деген қауесет негізсіз. Вакцинацияланған адамдардың қоғамға қауіптілігі – фейк және конспирология. Иммундаудан өткендерге өзін-өзі оқшаулау туралы ұсыныстар ДДСҰ, CDC және басқа да ресми ведомстволардың нұсқауларында жоқ. Хабарламада келтірілген Израильде ауруханаға жатқызу статистикасы манипулятивті болып табылады және КВИ вакциналарының «қауіптілігін» дәлелдемейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button