Fake News

Манипуляция: «Дәрігерлерге пациенттерді вакцинациялау үшін ақша ұсынады»

Қазнет қолданушылары Германиядағы дәрігерлерге COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау кезінде жұмыс істеу туралы ұсыныспен хаттар келе бастағаны туралы жаңалықты талқылауда. Кейбір дәрігерлер қосымша табыс ұсынылған хаттармен де бөліскен. Басқаларының пікірінше, бұл қастандықпен байланысты және осылайша, жаңа дәрі-дәрмек туралы «ащы шындықты» жасыруға мәжбүрлеп, дәрігерлердің «адалдығын» сатып алады.


Шын мәнінде, қосымша табыс ұсынатын хаттар құпия емес. Жарияланған хатта сайттың мекен жайы көрсетілген – doctari.de, онда бос жұмыс орындары туралы қосымша ақпарат алуға болады. Бұл ресурс дәрігерлерге жұмыс орындарын және денсаулық сақтау мекемелеріне білікті қызметкерлерді таңдау қызметін ұсынады. Онда әртүрлі мамандықтар мен санаттағы дәрігерлер үшін көптеген бос орындар бар.

Алдын ала жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері бойынша, Германия тұрғындарының шамамен 60%-ы COVID-19-ға қарсы екпе жасауға дайын. Бұл вакцина елде қолжетімді болғандықтан пациенттер көп болады деп күтілуде. Ал бұған дайындық мақсатында вакцинациялау үшін мамандарды қазір іздеп жатқандары таңқаларлық жайт емес.
Вакцинациялау дәрігерлердің жұмысы болғандықтан, оол үшін ақы төлеу керек. Германиядағы дәрігерлердің еңбекақысы айына 1,190 евро – 17 000 евроны құрайды. Қастандық теориясын жақтаушылар айтып отырған сағатына 80 евро мөлшеріндегі төлем осыған сәйкес келеді.
Алайда, ресми хабарландыруда бұл сома жоқ. Сипаттамада бұл 2021 жылдың 31 желтоқсан айынан мамыр айына дейін уақытша жұмыс болып табылатыны көрсетілген. Қажет болған жағдайда ізденушілердің ведомстволық тұрғын үй сұрауға мүмкіндігі бар.

Қорыта айтқанда, табыс табу ұсынысымен хаттарды рекрутингтік компания жіберген. Алдағы уақытта жүргізілетін жаппай егу науқанын ескере отырып, білікті кадрларға деген қажеттілік таңқаларлық жайт емес. Еңбек жағдайлары мен төлемдер елде қабылданған стандарттарға сәйкес келеді. Дәрігерлерді қомақты ақша төлеу арқылы денсаулыққа келтірілетін зиян туралы шындықты жасыру әрекеттері туралы ақпарат жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button