Fake News

Фейк: «Полиция жасағы қыздарды бетперде тағудан бас тартқаны үшін аяусыз қамауға алды»

Қазақстандықтар Францияда шлем мен оқ өтпейтін кеудеше киген полиция жасағының қыздарды қамауға алғандығы түсірілген бейнеролик таратуда. Пайдаланушылардың айтуынша, бұған олардың бетперде тағудан бас тартуы себеп болған. Бұл жалған.

 

Шын мәнінде, Қазнетте тараған видео толық емес. Оның түпнұсқасын Желіден табуға болады. Кадрларда оқиғаның наразылық шеруі кезінде орын алғаны көрсетілген: жүздеген адам, бетперде таққаны да, тақпағаны да бар, LIBERTÉ (франц. – бостандық) деп айқайлайды. Жиналғандар қоғамдық орындарға бару үшін денсаулық туралы анықтамалар ұсыну туралы жаңа ережелерге қарсылық танытуда.

Оқиға Chatelet – Les Halles транзиттік метро торабының астындағы сауда орталығында болған. Бұл Парижде медициналық анықтамасыз кіруге болатын орындардың бірі.

Наразылық шарасы барысында ғимаратқа полиция жасағы басып кірген. Тәртіп сақшыларының адамдарды жаппай қамауға алмағаны видеода анық көрінеді. Үш адам ғана ұсталды, бірақ бетперде тағудан бас тартудың немесе басқа да санитарлық талаптарды сақтамаудың оған еш қатысы жоқ: ресми нұсқа бойынша, қыздар зорлық-зомбылық және полицияны қорлағаны үшін қолға түскен.

Видеоның өзі де әйелдерді бетпердесіз жүргені үшін қамауға алды деген теорияға қайшы келеді – онда жеке қорғаныс құралдарынсыз жүрген басқа да адамдар бар, бірақ полиция оларға тиіспейді.

Демек, видеода көрсетілген қамауға алу жағдайына санитарлық талаптарды орындаудан бас тарту емес, полицияны қорлау мен зорлық-зомбылық себеп болған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button