Fake News

Фейк: «Австралияда ата-аналарды кіргізбей, балаларды стадиондарда мәжбүрлеп вакцинациялауда»

Казнет қолданушылары Австралияда мыңдаған баланы ата-аналарының қатысуынсыз КВИ қарсы күштеп егіп жатқаны туралы хабарламалар таратуда. Олардың айтуынша, баланы егу үшін стадионға әкелуден бас тартқаны үшін ата-аналарға әлеуметтік жәрдемақылардан айыру бойынша қомақты айыппұл салынбақ. Бұл фейк.

Мұндай ақпаратты ағылшын тілді БАҚ жоққа шығарды.

Шын мәнінде, Австралияда балалар арасында COVID-19 қарсы міндетті де, мәжбүрлі де вакцинация жоқ.

Стадиондарда жаппай вакцинациялау туралы қауесет 6 тамызда Оңтүстік Уэльс штатының премьері Глэдис Береджиклян мен денсаулық сақтау министрі Брэд Хаззардтың қатысуымен өткен брифингтен кейін тарады. Шара барысында олар 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер КВИ қарсы егу бойынша екі апталық акцияға қатыса алады деп мәлімдеді. Акция 9 тамызда Сидней маңындағы Qudos Bank Arena аренасында басталды. Ел Үкіметі осы жылдың қазан айында бітіру емтихандарын тапсыратын оқушыларды осылайша қауіпсіздендірмек ниетте.

Спикерлер өз сөзінде вакцинация ерікті екенін және стадионда екпені өз еркімен салдыруға болатындығын атап өтті. Ата-аналарға балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны үшін айыппұл салынатыны туралы сөз болған жоқ. Сондай-ақ, вакцина алған кезде ата-аналарға балалардың жанында болуға тыйым салынатыны жайлы да айтылмаған. Тек, шара кезінде аренаны полиция қызметкерлері күзететіні, ал медициналық қызметкерлер балалардың жағдайын қадағалайтыны ғана жеткізілді.

Демек, Австралияда балаларды міндетті түрде вакцинациялайтыны туралы ақпарат фейк. Елдегі жоғары сынып оқушыларына арналған егу науқаны ерікті және бітіру емтихандары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Стадионда балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны үшін жазалау шаралары қарастырылмаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button