Fake News

Әлеуметтік желіде Сәтбаевтағы жағдайдың тынышталуы туралы бейне пайда болды

Қарағанды облысының әкімдігі akimat09 ресми аккаунтында 24 шілде күні таңертең Сәтбаев қаласында жасалған бейнекадрлар жариялады. Кадрларда жағдай тұрақты, қалыпты өмір жалғасып жатқаны байқалады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мониторингі барысында анықталған Қарағанды облысындағы оқиғаға қатысы жоқ басқа да бейнелер таратылуда.

ІІМ министрі қазақстандықтарға келесідей үндеу тастады: «Желіге болған оқиғаға қатысы жоқ фото және бейнелер түсірілді. Осыған байланысты азаматтардан тек мемлекеттік органдардың ресми деректеріне сенім артуын, көрінеу жалған ақпаратты таратуға қатыспауды және арандатушылық шақыруларға берілмеуді сұраймын»

 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде қалада 5 жасар қыз жоғалып кеткен болатын. Күдікті баланы ұрлау және зорлау фактісі бойынша қолға түсті. Оқиға барысы тұрғындардың заңсыз топтасып жиналуына әкеп соқты, жиналғандар арасында күдіктіні сотсыз жазалау туралы үндеулер айтылды.

Кейін ІІМ қаладағы жағдайды тұрақтандыру туралы мәлімдеме жасады. Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі келді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button