Fake News

Фейк: «Балаларды қанын егде жастағы байларға құю үшін ұрлайды»

Қазнетте хабар-ошарсыз кеткен көптеген балалар шын мәнінде жасарғысы келетін қарт байларға қан құю үшін ұрланған деген теория кеңінен тарады. Бұл фейк.

Бұл ақпаратқа жастардың қанын құю кәрілерге өзін жақсы сезінуге, сергек болуға, тіпті Альцгеймер ауруының белгілерімен күресуге көмектесетіні туралы айтылған жаңалықтар сюжеті тіркелген.

Осындай қарама-қайшылықты жасару әдісі туралы хабарламалар бұқаралық ақпарат құралдарында 2015 жылы тарала бастады. 

Ол кезде жастардың қанын құюмен Ambrosia компаниясы айналысқан еді. 2016 жылы ол жас плазманың егде жастағы адамдардың денсаулығына жағымды әсерін дәлелдеу үшін клиникалық зерттеулер де жүргізген. Тәжірибеге 16 жастан 25 жасқа дейінгі донорлар плазмасын құйған 200 адам қатысты. Плазма қан банкінен заңды түрде сатып алынды. 

Тәжірибе АҚШ-та өткізілді, онда адамдар 17 жастан, ал кейбір штаттарда, ата-анасының келісімі болса, 16 жастан бастап қан доноры бола алады.

Демек, жастардың қанын құю үшін қанды алдап алудың қажеттілігі жоқ. Олар қан банкінен сатып алынған қан плазмасын ғана құйды, оны 16 жастан 25 жасқа дейінгі жастар заңды түрде тапсырған.

Сонымен қатар, жастардың қанын құю процедурасы өте даулы, бүгінгі күні ол аса сұранысқа ие емес. 2019 жылы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) адамдарды қажетсіз қан құймауға шақыратын баспасөз хабарламасын шығарды. Онда мұндай процедура қауіпті және клиникалық зерттеулер жүргізілгеніне қарамастан оның ықтимал пайдасы дәлелденбегені айтылған. 

Демек, жастардың қан плазмасын құю процедурасын жасатуға болады, бірақ FDA тиімділігі дәлелденбегендіктен оны мақұлдамайды. Осы мақсаттар үшін қан компоненттері заңды түрде алынады және хабар-ошарсыз кеткен балалардың бұл процедураға ешқандай қатысы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button