Fake News

Фейк:«Пандемия сценарийі ол басталғанға дейін жасалған»

Әлеуметтік желілерде 2019 жылы болған пандемиялық оқу-жаттығулар тағы да талқылануда. Кейбіреулер бұл жай ғана жаттығулар емес, бірнеше айдан кейін орын алған нақты пандемияның «репетициясы» деп санайды. Бұл олай емес.


Хабарламада айтылған пандемиялық оқу-жаттығуларды Хопкинс Университеті 2019 жылдың 18 қазанында өткізген және ол «Оқиға 201» деп аталды. Оқу-жаттығулардың Covid-19 пандемиясымен бір ғана ұқсастығы-гипотетикалық және нақты аурудың қоздырғышы коронавирус болғанында. Оқу-жаттығулар сценарийінің авторлары сол кезде SARS және MERS коронавирустары қауіпті аурулардың ірі ошақтарына себеп болғандықтан вирустардың осы тобын таңдаған. Қалған бөлігінде оқу-жаттығу сценарийі нақты пандемиядан өзгеше. Сценарий бойынша, вирус Бразилиядан шыққан және Sars-CoV-2 штамдарына қарағанда әлдеқайда қауіпті болды. Ойдан шығарылған ауруға қарсы вакцина әлем халқының 90% – ы ауруды жұқтырғанда, 65 миллион адам қайтыс болғанда ғана жасалды.
Шын мәнінде, COVID-19 жұқтырған 170,189,835 адамның 3,538,196 қайтыс болды. Бұл аурудың қоздырғышы алғаш рет Қытайда табылды және вакциналар оқу-жаттығу сценарийінің авторлары ойлағаннан әлдеқайда тез жасалды.
«Оқиға 201» авторы болып саналатын Билл Гейтстің іс жүзінде оған ешқандай қатысы жоқ. Пандемия оқу-жаттығуының сценариін Хопкинс Университетінің денсаулық сақтау қауіпсіздігі орталығының аға ғылыми қызметкері Эрик Тонер жазған. 
Сонымен қатар,«Оқиға-201» – бұл алғашқы және жалғыз пандемиялық оқу-жаттығулар емес. Мұндай жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады және әлемдік қоғамдастық пен дәрігерлерге денсаулық сақтау саласындағы қауіп-қатерлерге жедел және тиімді ден қоюға көмектесуге арналған. Ең танымал пандемиялық оқу-жаттығулар шешек пандемиясына арналған «Қараңғы қыс» (2001), трансатлантикалық биотеррористік шабуылды модельдейтін Атлантикалық дауыл (2005) және «Клэйд – Х» – вакцинасы жоқ жаңа вирусқа арналған сценарий (2018). Соңғысының сценарийін де Эрик Тонер жазған.
Адамзат тарихында пандемия үдайы болып тұрады. Оқу-жаттығулар сценарийлері вакциналар мен тиімді дәрі-дәрмек жоқ ең қауіпті патогендер негізінде жасалады. Сондықтан пандемияның қауіптілігі туралы мамандар бұған дейін айтып келген вирустан болатыны таңқаларлық жайт емес.
Сонымен,«Оқиға – 201» нақты COVID-19 пандемиясының сценарийі деп санауға негіз жоқ. Ғалымдар коронавирустардың қауіп-қатері туралы бұрыннан біледі, сондықтан пандемиялық оқу-жаттығулардың сценарийіне осы топқа жататын ауру алынған. Пандемия жаттығулары ұдайы өткізіліп тұрады, олардың сценарийлері ең қауіпті және аз зерттелген вирустарды ескере отырып жазылады. COVID-19 пандемиясын коронавирус тудырғаны кездейсоқтық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button