Fake News

Фейк: «Аспаннан кептірілген адам қанын шашады»

Қазақстандық конспирологияны жақтаушылар химтрейл теориясын талқылауды жалғастыруда. Бұл жолы олар ұшақтар аспаннан улар мен вирустарды ғана емес, адамның кептірілген қанын да шашады деген теорияны алға тартты. Бұл болжам артын ніз қалған ұшақтың суретімен және Spray and Pray (ағылш. шаш және дұға ет) ұранымен «расталады». Бұл фейк.


Аспаннан адам қанын шашады деп алғаш болып белгілі конспиролог Юрий Лир мәлімдеген. YouTube-тағы бір видеосында ол ұшақтардан бізге «онкологиялық мутацияға ұшыраған арнайы кептірілген адам қанының жасушаларынан жасалған препараттар» шашылатынын айтқан. 
Басқа роликтерінде ол Үкіметтің жерден тыс өркениеттермен байланысы, адамдарды клондармен алмастыру және адамзат өркениетіне небәрі 180 жыл деп хабарлаған. Юрий Лир дәлелді медицинадан бас тартуды насихаттайды және белгілі бір «жұлдызды алхимиямен» емделуге кеңес береді. Айта кетерлік жайт, Юрий Лир өз сөздеріне дәлелдер ұсынбайды немесе сенімді дереккөздерге сілтеме жасамайды. Бұған қарамастан ол қастандық теориясын жақтаушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие кітаптар шығарады.
Оның кітаптарында жазылған ұшақтардан кептірілген қан мен улы заттарды шашу туралы сөздері мен тезистеріне ғылыми дәлелдер жоқ. Адамдарды клондармен алмастырады, ал адамзатқа 180 жыл деген тезистері ғылым мен жалпы ойға мүлдем қайшы келеді.
Spray and Pray ұраны бар жапсырма да химтрейлдер теориясын растамайды, керісінше оны мазақ етеді. Мұндай белгішелер партиясы 2014 жылы шығарылған және олар АҚШ-та бір данасына 10 доллардан сатылды. Мұндай аксессуарлар қазір де сатылады. Ірі маркетплейстер «Team Chemtrial» (ANG. – Химтрейлдер командасы) деп жазылған футболкалар және ұқсас символикасы бар қойын дәптерлер ұсынады. 
Facebook-те Chemtrail Pilots Anonymous (ағылш. Анонимді химтрейл ұшқыштары) деп аталатын сатиралық парақшада қолында осындай белгілер бар ұшқыштардың фотосуреті де жарияланған.  Аккаунт авторы ұшқыштарды жақсы жұмысы үшін мақтап, барда сусындар үшін өзі төлеуге уәде береді.
Сондай-ақ, парақшада ұшақтардың инверсиялық іздерінің суреттері және әртүрлі формадағы бұлттардың фотосуреттері бар, оларды автор химтрейлдер деп атайды және өзін және әріптестерін керемет мақтан тұтатынын жазады. Мысалы, 2019 жылы Германияда түсірілген түрлі түсті инверсиялық іздің фотосуретіне химтрейлді шашатын ұшқыштардың ЛГБТ қауымдастығын қолдайды деп жазылған. Бұл ретте фотосуреттің ЛГБТ-ға да, химтрейлдерге де ешқандай қатысы жоқ екені анық. Түрлі түсті инверсиялық ізді 20 жастағы неміс фотографы Ник Бейерсдорф өзінің бақшасында жүргенде ұшаққа дейін 7800 метр қашықтықтан суретке түсіріп алған. 
Анонимді химтрейл ұшқыштарының аккаунтынан келеке ашықхаттарды да көруге болады. Мысалы, автор жазылушыларды Рождествомен құттықтап, химикаттар шашып жатқан бұғы әбзелінің суретін жариялаған, ал Әулие Валентин күні парақшада қызыл жүрекшелер шашқан ұшақтың суреті орналастырылды.
Сонымен, ұшақтардан кептірілген адам қанын шашу туралы мәлімдемелер сенімсіз дереккөзден тараған және оған ешқандай дәлел жоқ. Уытты заттар шашқан ұшақ ұшқышына тиесілі жапсырма 2014 жылы 10 доллардан сатылған кәдесый болып табылады. Бұл екеуі де химтрейлдер туралы ғылымға қайшы конспирологиялық теорияға растау бола алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button