Fake News

Фейк: «Өндірушілер грильге көміртегі ізін есептегіштерді орнатады»

Әлеуметтік желілерде WI-Fi арқылы смартфонға қосылған заманауи гриль видеосы талқылануда. Осылайша, гриль әр қолданудан кейін көміртегі ізін есептеп, көрсеткіш белгілі бір нормадан асып кетсе, жұмысын тоқтатады екен. Бұл рас па? Тексерейік.

 

Таралған кадрлардан гриль дисплейінде «Nex-fi қосылған» дегенді білдіретін Nex-Fi enabled жазуын оқуға болады. Google-дың жылдам іздегенде, Nex-Fi – бұл Nex-Grill қосымшасының көмегімен грильді қашықтан басқару жүйесі екені анықталды.

Бұл бағдарлама көміртегі ізін есептемейді, бірақ грильдің температурасы мен жұмыс режимін қашықтан реттейді. 

Сондай-ақ қосымшада грильді жиі пайдаланған жағдайда, оны өшіру мүмкіндігі жоқ.

Демек, көміртегі ізі қалыпты деңгейден асса, адамдар грильдерді пайдалана алмайды деген мәлімдемелер жалған. Видеода грильдің жұмыс режимін және оның температурасын қашықтан реттеуге мүмкіндік беретін заманауи қосымша көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button