Fake News

ҚР Қорғаныс министрлігі Украинаға әскери техника жөнелту туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған видеода Алматыда тасымалданған әскери техника көрсетілген. Бұл техника Украинаға сатуға арналған екен. Бұл фейк.

 


ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл бронды машиналар жоспарлы түрде жөндеуге жіберілгенде түсірілген ескі видео болып табылады. Қазіргі уақытта әскери техника сақтау орнында. Бұдан бөлек, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын да хабарлаймыз», – делінген ведомствоның ресми Telegram-каналында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button