Манипуляция: «Коронавирус – бұл қарапайым суық тию»
Әлеуметтік желі қолданушылары коронавирус қарапайым суық тиюмен бірдей деген жаңалықты талқылауда. Мұндай ақпарат АҚШ-тың Америкалық медициналық қауымдастық шығарған 1989 жылғы оқулықта жарияланған. Бұл рас па, анықтайық.
Коронавирус – бұл РНҚ вирустарының тобы. Оны күн тәжіне ұқсас көтерілімдері болғандықтан осылай атаған. Бұл сөз алғаш рет 1968 жылы Nature журналында басылып шықты. Оны вирустардың жаңа тобын белгілеу үшін вирусологтардың бейресми тобы қолданылған.
Коронавирустар жеңіл және ауыр респираторлық аурулар тудырадығ есесіне адамдарда ғана емес. Одан сүтқоректілер мен құстар да зардап шегеді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, адамдарға жұғатын 7 коронавирус белгілі. Олардың арасында 2003 жылы Қытайда респираторлық синдром тудырған SARS-CoV және 2012 жылы Сауд Арабиясында анықталған MERS-CoV бар.
2019 жылы әлемде тағы бір қауіпті коронавирус – SARS-CoV-2-ге тарады. Ол тудыратын ауру COVID-19 деп аталады. Осылайша, ол SARS-CoV, MERS-CoV және SARS тудыратын вирустардың кейбір түрлерімен байланысты.
COVID-19 белгілері шынымен қарапайым суық тиюге ұқсайды. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оның жымысқы ауру екенін айтты. Пандемия басталғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң, бұл сөздер расталды. Біреулер жеңіл, басқалары қатты ауырды. Әсіресе, қарт және созылмалы аурулары бар адамдар көп зардап шекті. SARS-CoV-2 вирусынан бүкіл әлем бойынша 7 миллионнан астам адам қайтыс болды.
1989 жылы Америкалық медициналық қауымдастық коронавирустар суық тиюді тудырады деп дұрыс айтты. Бірақ уақыт өте келе жаңа вирустар пайда болды, олар жануарлардан адамға жұға бастады. SARS-CoV-2 ауыр жедел респираторлық синдром дегенді білдіреді, сондықтан бүгінгі күні оны қарапайым суық тиюмен салыстыруға негіз жоқ. Хабарлама авторы қасақана немесе білмегендіктен әлеуметтік желі қолданушыларын гатастырып отыр.