Жаңалықтар

Фейк: «Алматыда танктермен блокпосттар қойылды»

Қазнет қолданушылары Алматы маңында әскери техникамен қорғалатын блокпосттар қойылатыны туралы хабарлама таратуда. Бұған дәлел ретінде бронетранспортерлерді тасымалдау барысы түсірілген бейнеролик ұсынылуда. Бұл жағдайға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.


Қазіргі уақытта Алматының айналасында блокпосттар жоқ. Видеоға түсірілген әскери техниканың карантиндік шектеулерге ешқандай қатысы жоқ.

– Бұл 5 тамызда болған. Техниканы Алматыдағы Гвардейск қаласынан жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін әскери бөлімге тұрақты орналастыру орнына алып келді, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстандықтар қалаларды жабу туралы қауесетті бұған дейін де таратқан. Мұндай фейктерді біз бұған дейін де жоққа шығарған болатынбыз.

Атырау маңындағы блокпосттар туралы қауесетті облыс әкімдігі жоққа шығарды

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button