Интернеттің іздеу жүйелерінде иммунитет пен оны күшейту тақырыбы аса өзекті. Статистикаға сәйкес, суық мезгілде ағзаның қорғаныс функцияларын арттыру мәселесіне қызығушылық артады. Біреулер дәрумендердің және ББҚ көмегімен ағзаны күшейту бойынша халықтан кеңес сұраса, басқалары вакцинасыз жолдарды іздейді. Желіде жазылған қандай кеңестер нәтиже береді, қайсысы бермейді, иммунитет туралы қандай қате түсініктер мен мифтер бар – StopFake.kz профессор, медицина ғылымдарының кандидаты, аллерголог-иммунолог Анна Кнауспен бірге талдады.
Иммунитетті күшейтуге арналған С дәрумені
С дәрумені халық арасында суық тиюге қарсы және иммунитетті күшейтетін басты витамин болып саналады. Оны вирустық аурулардың алдын алу және емдеу үшін жиі алады. Медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог Анна Кнаустың айтуынша, витамин иммунитетті арттыруда маңызды рөл атқарады. Ағзадағы оның жеткілікті мөлшері басқа витаминдердің – А және Е, сондай-ақ қорғаныс жасушаларының синтезіне қатысатын В тобына жататын дәрумендердің жақсы сіңуіне ықпал етеді. Алайда, оны қажет болғанда – оның жетіспеушілігі зертханалық жолмен расталғанда ғана қабылдау керек.
«Дегенмен, С дәрумені – бұл дәрілік зат, сондықтан вирустық инфекция кезінде витаминді көп мөлшерде қабылдағанда, оны артық мөлшерде тұтыну қаупі бар. Иммунитетті күшейту үшін С дәруменін ауырған кезде ғана емес, аурудың алдын алу мақсатында да қабылдау керек. С дәрумені препаратының формалары мен ересектер мен балаларға арналған дозалары әртүрлі болады. Егер көрсетілімдер болса, оны аурудың алдын алу үшін қолдану қажет», – дейді Анна Кнаус.
Иммуномодуляторлар – витаминді нығайтуға арналған қауіпсіз препараттар?
Ағзаны вирустар шабуылына дайындау үшін кейбіреулер иммуномодуляциялық препараттарды (эхинацея, имудон және иммундық, циклоферон, полиоксидоний, арбидол, анаферон және виферон, кагоцел, амиксин және т.б.) жөн көреді, осы күнге дейін олардың әсері туралы ғалымдар мен дәрігерлердің нақты пікірі жоқ. Профессор Анна Кнаустың айтуынша, мұндай препараттар зиянсыз емес. Халық арасында «қауіпсіз» сөзінің синонимі ретінде қабылданатын құрамында өсімдік тектес компоненттері бар препараттар да.
«Иммуномодулятор, иммуностимулятор деген ұғымдар бар – бұл иммунологиядағы өте нәзік ұғымдар, бірақ бұл дәрі-дәрмектің барлығы иммундық жүйеге айтарлықтай әсер етеді. Әрбір препарат иммундық жүйенің белгілі бір деңгейіне қпалн тигізеді. Бұл Т- лимфоциттеріне әсер етуі – туа біткен иммунитет немесе гуморальды иммунитетке әсері немесе иммундық жүйенің әртүрлі жасушалары – ферменттер, коферменттер, интерферондар арасындағы байланысты жүзеге асыруға ықпал ететін факторлар. Мен бұл препараттарды өз бетінше қолданбауға кеңес беремін. Дұрыс қолданбаған жағдайда, олардың кез келгені аутоиммундық ауруларға әкелуі мүмкін, яғни иммундық жүйені, иммундық жүйенің жасушаларын ынталандыру жасушаның «бөтенді» іздеп, белсенді жұмыс істей бастауына әкеледі. Артқ қаблдаған кезде ол өз жасушасын бөтен деп қабылдау мүмкін. Ос кезед аутоиммундық процесс дамиды, оны тоқтату өте қиын немесе мүмкін емес».
Табиғи иммунитет немесе екпе?
Вакцинация көптеген ауруларға қарсы тиімділігін дәлелдеді. Дегенмен, табиғи иммунитет кез келген ауруды екпеден гөрі жақсырақ жеңе алатынына сенімді адамдар бар. Бұл ретте иммунолог адам ағзасы жеңе алатын және қауіп төндірмейтін ауруларға қарсы вакциналар әзірленбейтінін атап өтті.
«Егер ауру аса қауіпті болса – халық арасында тез таралса, ұжымдық иммунитет тез қалыптаспаса, егер аурудан өлу қаупі жоғары болса немесе асқынулар пайызы көп болса, онда вакцина өндірісі ұйымдастырылып, вакцинация басталады. Егер бұл ауру аталған қауіпті факторларды тудырмаса, онда вакцинация қажет емес. Осыған қарап қорытынды шығарылады», – дейді дәрігер
Егер иммунитет жақсы болса, екпе жасау қажет емес пе?
Кейбіреулер вакцинациядан бас тарту үшін «Менің иммунитетім жақсы» деген аргументті алға тартады. Дәрігердің пікірінше, бұл жерде иммунитет ұғымы өте тар мағынада алынып отыр.
«Жақсы иммунитет дегеніміз не? Егер адамда вакцинация жүргізілетін белгілі бір ауруға иммундық қорғаныс жасушалары пайда болса, онда, әрине, бұл қажет емес. Бірақ иммунитеттің әртүрлі деңгейлері бар. Гуморальды, жасушалы иммунитет бар. Гуморальды – бұл қалыптасқан, ол уақыт өте келе өзінің қасиеттерін жоғалтуы мүмкін. Әр аурудың өзіндік қорғаныс деңгейі болады. Мысалы, тұмау туралы айтақ, оған қарсы жыл сайын екпе аламыз, біз вакцинациядан кейін пайда болған жасушалар жойығанын түсінеміз, енді олар жоқ, сондықтан келесі жылы тағы да екпе жасатуымыз керек», – деп түсіндірді Анна Кнаус.
Екпе алдым – демек, ауырмаймын.
Мысалы, тұмауға қарсы егілгеннен кейін, көптеген адамдар өздерін ауруға төтеп бере аламын деп ойлайды. Бұл ұстаным да дұрыс емес. Екпе ауырмаудың белгісі емес.
«Қорғаудың әртүрлі деңгейі – бір адамда иммунитет қалыптасады, ол ауырмайды. Екіншісі ауырып қалуы мүмкін, бірақ ауру жеңіл түрде, тіпті симптомсыз өтеді. Бұл классикалық жағдайлар, вакцина өндірушілер бұл туралы нұсқаулықта жазады», – деп қосты Анна Кнаус.
Егер ағза ауруды жеңсе, бұдан әрі ауырмаймын ба?
Бұл да кеңінен тараған тағы бір қате түсінік. Шын мәнінде, желшешекпен де қайта ауырып қалуға болады.
«Әртүрлі аурулардың қоздырғыштары әртүрлі болады, олар мутацияға ұшырап, адам қайта ауруы мүмкін. Ал мутацияланса, өзгереді, адам ағзасы өзін қорғай алмайды – белгілі бір жасушалар арнайыланбайды. Тағы да айтамн, бұл гуморальды жүйе жасушалары ғана. Бірақ туа біткен иммунитеттің жасушаларын олар есте сақтай алады. Әрбір нақты ауру кезінде иммунитеттің өзіндік уақыты бар. Егер адам ауырып шықса, онда ұзақ мерзімді тұрақты иммунитет қалыптасады. Бірақ мұндай иммунитет қалыптастырмайтын да аурулар болады. Айналамыздағы микроағзалар өзгереді. Желшешек балаларға ғана тән ауру деп ойладық және ол бала кезінде ауырғандарда ондаған жылдар бойы қайталанбаған. Бірақ соңғы жылдары ересектердің де қайта ауырып жатқанын байқаймыз», – дейді иммунолог.
Мұз суатқа шомылу және мұзды сумен шайыну – иммунитетті күшейте ме?
Дәрігердің айтуынша, егер ағзаны біртіндеп дайындаса және адамның бастапқыда қарсы көрсетілімдері болмаса, шынығу мен мұз суатқа түскен жақсы.
«Бұл иммундық жүйе үшін стресс. Иммундық жүйе иммундық жасушаларды қалыптастыру және оларды «үйрету» үшін жеңіл стресс алуы керек. Бірақ бұл жеңіл стресс – біз нақ осы туралы айтып отырмыз. Егер адамның анамнезінде көктемде және күзде асқынатын созылмалы пневмония немесе пиелонефрит көрсетілімдері болса, ол жыл бойы сақталса, мұндай стресс – мұз суатқа шомылу бұл адам үшін жеңіл стресс болмайды және иммундық жүйе дұрыс күшеймейді».
Медицина ғылымдарының кандидаты Анна Кнаус қол жуу, антисептиктерді қолдану, адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағу сияқты қарапайым гигиена ережелерін сақтау иммунитетке септігін тигізетінін еске салып өтті.